Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі 2026 жылғы 5 наурыздағы № 7194-26-00-4/112 іс бойынша Астана қаласының Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының шешімімен Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушының 2025 жылғы 31 қазандағы № 659 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік кірістер органдарының салықтық тексеру жүргізу туралы шешім қабылдау қағидалары мен негіздерінің 9-тармағының екінші бөлігі жарамсыз деп танылғанын хабарлайды, деп хабарлайды DKNews.kz.
Сот мемлекеттік кірістер органдарының Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 73-бабында көзделген тыңдау рәсімін өткізбестен салықтық тексеру жүргізу туралы нұсқама шығаруына қатысты норманы жарамсыз деп таныды
Аталған сот шешімі 2026 жылғы 9 маусымда заңды күшіне енді