2026 жылдың қаңтар–маусым айларында Қытайдың бюджет кірістері өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4,7 пайызға өсіп, 12,1 трлн юаньға (шамамен 1,78 трлн АҚШ доллары) жетті. Бұл туралы Қытайдың Қаржы министрлігі жариялаған мәліметтерде айтылды.
Бюджет кірістерінің өсу қарқыны алғашқы бес айдың қорытындысымен салыстырғанда жеделдеді. Ол кезде бұл көрсеткіш 4 пайызды құраған еді. Бірінші жартыжылдықта салық түсімдері 5,3 пайызға өсіп, 9,79 трлн юаньға жетті. Ал бюджет шығыстары 1,5 пайызға артып, 14,33 трлн юаньды құрады.
Үкімет жұмысы туралы баяндамаға сәйкес, 2026 жылы Қытай белсенді бюджеттік саясатты жалғастырып, бюджет тапшылығын жалпы ішкі өнімнің шамамен 4 пайызы деңгейінде сақтауды жоспарлап отыр. Сонымен қатар жалпы мемлекеттік бюджет шығыстары алғаш рет 30 трлн юань көлемінде жоспарланған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда шамамен 1,27 трлн юаньға көп.