Импорт көлемін дәйекті түрде ұлғайтып, жеткізу көздерін әртараптандырудың арқасында Қытай әлемнің 160-тан астам елі мен өңірінің ең ірі сауда әріптесіне айналды. Бұл туралы ҚХР Бас кеден басқармасы басшысының орынбасары Ван Цзюнь мәлімдеді.
Оның айтуынша, бұған дуриан импорты мысал бола алады. 2022 жылдан бері Қытай бұл жемісті Вьетнам, Малайзия және Лаосты қоса алғанда бес елден импорттауға өз нарығын ашты. 2025 жылы дуриан импортының көлемі шамамен 1,87 млн тоннаға жетіп, 2022 жылғы көрсеткіштен екі есе асып түсті.
15-бесжылдық (2026–2030 жылдар) кезеңінде Қытай өсіп келе жатқан тұтынушылық сұранысты қанағаттандыру үшін импортты одан әрі ұлғайтуды жоспарлап отыр. Кеден органдары санитариялық-карантиндік рәсімдерді жетілдіруді, жүктерді рәсімдеу үдерісін оңтайландыруды және логистикалық шығындарды азайтуды жалғастырады.
Сонымен қатар, билік шетелдік туристер үшін қолайлы жағдай жасауды, оның ішінде елден шығар кезде қосылған құн салығын (ҚҚС) қайтару жүйесін одан әрі жетілдіруді жоспарлап отыр.