Жалдамалы пәтерде тыныштық бұзғаны үшін-600 мың теңге айыппұл

406



Петропавлдағы шулы жалдамалы пәтерлердегі қонақтарға 600 мың теңге айыппұл салынды.

Петропавл қалалық Полиция Басқармасында жұмыс барысында кездесу өтті. Полицейлер мен пәтер бюросының басшылары құқықтық тәртіпті нығайтудағы бірлескен шараларды талқылады.

Полиция қызметкерлері жалдамалы пәтерде болатын ұрлық фактілері туралы айтты. Ұрылар көбінесе теледидар және тұрмыстық техника ұрлаған.

“Қылмысқа толықтай қарсы тұру мемлекеттік және жеке меншік ұйымдармен тығыз қарым – қатынас жасай отырып, ортақ күш-жігерімізді біріктіру арқылы ғана мүмкін болады”, – деп атап өтті Петропавл қалалық ІІД бастығының орынбасары Думан Сабыржанов.

Жыл басынан бері “102” арнасына мазасыз көршілеріне шағымданған қалалықтардан 132 өтініш келіп түсті. 87 шулы оқиғалар тәулік бойы тапсырылатын жалдамалы пәтерлерде болды.

“Бұл жиі талқыланатын қалалықтардың шағымдары болып отыр. Іс жүзінде әрбір жағдай бойынша полицейлер шаралар қабылдайды. Жыл басынан бері тыныштықты бұзғаны үшін 100 – ге жуық әкімшілік хаттама толтырылды”, – деп атап өтті Петропавл қаласы ІІД бастығының бірінші орынбасары Әлібек Ғабдуллин.

Сондай-ақ, полицейлер жеке басты куәландыратын құжаттарды кепілге қабылдау заңсыз екенін еске салды.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 494 бабымен 5 АЕК көлемінде айыппұл қарастырылған,бұл 13 мың теңгені құрайды. Биыл облыс орталығында осындай құқық бұзушылық үшін екі адам жауапкершілікке тартылды.

Іс-шара соңында полицейлер мен кәсіпкерлер құқық бұзушылар мен қылмыскерлерге қарсы тұру бойынша бірлескен шаралар туралы келісті.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

Международное информационное агентство «DKNews» зарегистрировано в Министерстве культуры и информации Республики Казахстан. Свидетельство о постановке на учет № 10484-АА выдано 20 января 2010 года.

Тема
Обновление
МИА «DKNews» © 2006 -