Алматыда жазушы Сәбит Досановтың мерейтойы аталып өтті

288



Алматыдағы Абай атындағы Қазақ мемлекеттік опера және балет театрында танымал жазушы Сәбит Досановтың 80 жылдығына орайластырылған салтанатты кеш өтті.

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Қазақстанның Тұңғыш Президенті-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Мемлекеттік сыйлықтың иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Сәбит Досановтың атына жазылған құттықтау сөздері мен ізгі тілектерін оқып берді.

Мерейтой иесін құттықтауға жазушылар, әдеби сыншылар, аудармашылар және Ресей, Қырғызстан, Әзірбайжан, Өзбекстан, Армения, Түркия мен Франция сынды жақын және алыс шетелдерден баспагерлер жиналды.

«Дарынды жазушының шығармашылығында шек жоқ. Өз кезінде қазақ әдебиетінің классигі Сәбит Мұқанов Сәбит ағаны қазақ әдебиетіндегі жаңа жарық жұлдыз деп атаған еді. Бүгін оның өзі шығармалары әлемнің көптеген тілдеріне аударылған нағыз классикке айналып отыр», - деді құттықтау сөзінде Алматы әкімі Б. Сағынтаев әрі мерейтой иесіне мықты денсаулық пен ұзақ өмір тіледі.








Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

Международное информационное агентство «DKNews» зарегистрировано в Министерстве культуры и информации Республики Казахстан. Свидетельство о постановке на учет № 10484-АА выдано 20 января 2010 года.

Тема
Обновление
МИА «DKNews» © 2006 -