Маңғыстаулықтар ТЖ кезінде коммуналдық қызметтермен үздіксіз қамтылады

469

Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында елімізде төтенше жағдай енгізілген болатын. Осыған байланысты, Маңғыстау облысы Азаматтық қорғанысының Энергетика қызметі жұмыс атқаруда және негізгі мақсаты облыс тұрғындарын үздіксіз энергоресурстармен қамтамасыз ету. Барлық әлеуметтік нысандар автономды генераторлармен қамтылған.

Айта кетейік, төтенше жағдай кезінде (апат және т.б.) облыс халқын ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында 180 000 текше метр ауыз су қоры бар. Бұл туралы облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Айдос Хамиев МО Қоғамдық коммуникация орталығында мәлімдеді.

Қазақстан Республикасы Президентінің Covid-19 инфекция жағдайы туралы және кризиске қарсы шаралар жөніндегі тапсырмаларын орындау үшін, облыс әкімдігімен тұтынушылардың коммуналдық қызметтерді төлеуге қатысты коммуналдық қызмет көрсетуші мекемелермен тиісті жұмыс атқарылды.

Нәтижесінде, Қазақстан Республикасы аумағында төтенше жағдай аяқталғанға дейін Маңғыстау облысының барлық тұтынушылары үшін қарыздарды өндіріп алуды тоқтата тұру шаралары қабылданып, коммуналдық қызмет түрлерімен (электр энергиясы, газ, жылу, су) үздіксіз қамтамасыз етілетін болады.

Бұл ретте, тұрғындар коммуналдық қызметтерге ақы төлеуден босатылмағанын, тек төтенше жағдай аяқталғанға дейін қажетті жағдайда ғана келісіммен төлемдерді кешіктіріріп төлеуге болады.  

Облыс бойынша көп пәтерлі тұрғын үйлерде дезинфекция жасау жұмыстары да жоспарға сәйкес атқарылуда.

Ақтау қаласы бойынша 78 басқарушы орган (КСК, ПКСК, ИП, ТОО) және 1062 көп пәтерлі тұрғын үй бар.

Көп пәтерлі тұрғын үйлердің дәліздерін дезнифекциялау жұмыстары басқарушы орган қызметкерлерінің және тұрғындардың күшімен күніне кем дегенде бір, екі реттен жүргізілуде.

Атап айтқанда тұрғын үйде адамдар көп пайдаланатын орындарды (лифттер, дәліздер, есік тұтқалары, домофон құрылғылары) дезинфекциялау қоспалармен тазалау және профилақтикалық жұмыстары жүргізілуде.

Сондай-ақ, Жаңаөзен қаласы бойынша 29 басқарушы орган және 262 көп пәтерлі тұрғын үйлерден құралған.

Қалған аудандарда жергілікті әкімдік, басқарушы орган қызметкерлерінің және тұрғындардың күшімен дезинфекция жүргізілуде (Мұнайлы ауданы – 85 КПТҮ, Қарақия ауданы – 119 КПТҮ, Бейнеу ауданы 90 КПТҮ, Маңғыстау ауданы –45 КПТҮ, Түпқараған ауданы – 27 КПТҮ).

Аталған жұмыстарды ұйымдастыру және бақылау қалалар мен аудандар әкімдіктерімен іске асырылуда.

Маңғыстау облысы бойынша 301 сұйытылған мұнай газын құю бекеті жұмыс істейді. Бағасы  бекітілген ережелерге сәйкес 50 теңгеден 60 теңгеге аралығында. Алайда, сұйытылған мұнай газын тұтынудың күрт төмендеуіне байланысты кейбір бекеттер газды 47 теңгеден сатып жатыр.

Өңірде 3 мың тонна сұйытылған газ қоры бар.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

Международное информационное агентство «DKNews» зарегистрировано в Министерстве культуры и информации Республики Казахстан. Свидетельство о постановке на учет № 10484-АА выдано 20 января 2010 года.

Тема
Обновление
МИА «DKNews» © 2006 -