Настройки
Язык
Тема
Обновление

Сарапшылар қоғамдық бақылаудың 4 механизмін ұсынды

Қазақстандық қоғамдық даму институты ұйымдастырған «Халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту: Ақпараттық ашықтықтағы жаңа мүмкіндіктер» атты онлайн пікірталас алаңында сарапшылар әлеуметтік қорғау саласында «тыңдайтын мемлекет» концепциясын жүзеге асыру бойынша қоғамдық бақылаудың төрт механизмін ұсынды.

«Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институты» КеАҚ Басқарманың төрағасы Кемелбек Ойшыбаев еліміздегі қазіргі жағдайды ескере отырып, «тыңдайтын мемлекет» механизмін егжей-тегжейлі жетілдірудің қажет екенін атап өтті.

 «Көптеген елдерде мемлекет пен халық арасындағы байланыстың басты көрсеткіші ретінде ақпараттың қолжетімділігі қарастырылады. Бұл тұрғыда мемлекет басшылығы қоғам алдындағы ашықтықтың қажеттілігін барынша түсінеді және сөзбен ғана емес, іспен де дәлелдеп жатыр. Сондықтан, ҚҚДИ әлеуметтік маңызды бағыттар бойынша пікірталас алаңын циклді түрде ұйымдастырып келеді. Сарапшылардың барлық ұсынысы халық пен мемлекет арасындағы байланысты одан әрі күшейту жолындағы механизмдерді жетілдіру үшін пайдаланылады, - деді Кемелбек Ойшыбаев.

Халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту бағытындағы ақпарат ашықтығы бойынша өз пікірін «КазЮрКонсалтинг» ЖШС серіктесі Ерлан Бұзырбаев ортаға салып, ұсыныстарын жеткізді. Оның айтуынша, бүгінде «ашықтық» жайында көңіл бөлуді қажет ететін мәселелер баршылық. Бұл, әсіресе, жекелеген санаттағы азамататтарға әлеуметтік қызметтер көрсету мәселелеріне қатысты. 

Мемлекеттің транспаренттілігін арттыруда сарапшы қоғамдық бақылаудың мына механизмдерін енгізуді ұсынды: қоғамдық мониторинг, қоғамдық тексеріс, қоғамдық сарап және қоғамдық пікірталас.

«Бұл механизмдер қазірдің өзінде тиімді жүзеге асып жатыр. Енді қазір бастысы – ортақ жүйені ретке келтіруіміз керек. Бұл қадам мемлекеттік мекемелерге халықпен тікелей кері байланыс орнатуға керемет мүмкіндік болар еді», - деп түйіндеді Бұзырбаев.

Сонымен қатар, пікірталасқа қоғам қайраткері Айгүл Соловьева, ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің өкілдері, сондай-ақ, жергілікті атқарушы органдар мен сарапшылар қатысты.


Фото: pixabay.com



 

Международное информационное агентство «DKNews» зарегистрировано в Министерстве культуры и информации Республики Казахстан. Свидетельство о постановке на учет № 10484-АА выдано 20 января 2010 года.

Приложение DKNews для Android Приложение DKNews для iPhone
МИА «DKNews» © 2006 -