Әскери тергеушілердің шекарашы әскери қызметкерлерімен сабағы

7819

Аягөз гарнизонында орналасқан ҚР ІІМ Шығыс-өңірлік Әскери тергеу басқармасының Аягөз қаласындағы бөлімінің жедел уәкілі капитан Байзаков Айдос Маратұлы  және әскери полиция департаменті 4-ші бөлімінің анықтаушысы капитан Сағатбек Ерғанат Сағатбекұлымен  бірлесе отырып  Аягөз гарнизонына қарасты Мақаншы ауылында орналасқан ҚР ҰҚК Үржар ауданы бойынша шекара басқарамасының әскери қызметшілеріне және азаматтық персоналдарына әскердегі қылмыстың алдын алу тақырыбында сабақ өткізді, - деп хабарлайды Деловой Казақстан.

Басты мақсат профилактиқалық сабақтар өткізу арқылы қазіргі таңдағы әскери қызметкерлер арасында орын алатын қылмыстың алдын алу мен оны болдырмау.

Аталмыш сабақ барасында  капитан Айдос Байзаков  әскери ортада жиі кездесетін қылмыстар: «Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу», «Билiктi терiс пайдалану», «Билiктi асыра пайдалану»  және сыбайлас жемқорлық санаттарына жататын әскери қылмыстар тақырыбында әңгіме өрбітті.  Сонымен қатар 2019-2021 жылдың бүгінгі күніне дейінгі аралықта Аягөз гарнизоны бойынша  қылмыстық жауапкершілікке  тартылған әскери қызметшелерінің жасаған қылмыстарынан мысалдар келтіріп, тыңдаушыларға  заң бұзушылыққа бармау керек екендігі жайында ескертті.

Сонымен қатар  Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің басты міндттерінің бірі Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысы мен аумақтық тұтастығын, қоғам мен мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін қоғамға қауіпті қолсұғушылықтан қорғау, бейбiтшiлiк пен адамзат қауiпсiздiгiн сақтау және де қылмыстық кодекстің әскери салаға тікелей қатысты бар 30-ға жуық баптарын атап өтіп және әр бап бойынша тағайындалған жаза түрлерін түсіндірді.

Шара соңында сабаққа қатысушылар құқық қорғау қызметінің өкілдеріне өздерінің сауалдарын қойып, тиісінше мардымды жауаптарын алды.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

Международное информационное агентство «DKNews» зарегистрировано в Министерстве культуры и информации Республики Казахстан. Свидетельство о постановке на учет № 10484-АА выдано 20 января 2010 года.

Тема
Обновление
МИА «DKNews» © 2006 -