А. Жұматаев: «Психологтардың әрбір жұмысы полицейлер қызметіне оң өзгерістер сыйлауы қажет!»

44143

Бүгін, ағымдағы жылдың 20 тамызында Көліктегі полиция департаментінде онлайн форматтағы «Психологиялық тенденциялар дамуының негізгі бағыттары» атты семинар жиналыс өтті.

На изображении может находиться: 2 человека, люди сидят, стол и в помещении

На изображении может находиться: один или несколько человек, люди сидят и в помещении

На изображении может находиться: 1 человек, сидит, в помещении и часть тела крупным планом

Семинарға КПД бастығының орынбасары полиция полковнигі         А.Г. Жұматаев және КПД инспектор-психологтары мен кадр саясаты бөлімінің қызметкерлері қатысты. Сондай-ақ, ІІМ Кадр саясаты департаментінің арнайы тапсырмалар жөніндегі аға инспектор-психологы А.С. Түстікбаева сарапшы ретінде арнайы шақыртылды.

Кездесу барысында психологтардың карантиндік жағдайдағы қызметкерлермен жүргізіліп келе жатқан жұмыстары, жұмыс барысындағы кездесетін мәселелері және сол мәселелерді шешуге бағытталған қажеттіліктері талқылынды.

Өз кезегінде КПД бастығының орынбасары А. Жуматаев психолог жұмыстарының ішкі істер органында алатын орнының ерекше екенін атап өтті. «Психологтардың әрбір жұмысы полицейлер қызметіне оң өзгерістер сыйлай алуы қажет. Қазіргі жағдайда психологтар жұмысының деңгейін біршама жоғарлату қажет. Олардың жұмыс формасы біздің полицейлер қызметіне өз ықпалдастығын оңынан тигізе алады», - дейді полиция полковнигі.

Бұдан бөлек психологиялық тенденциялар дамуының негізгі бағыттарына сәйкес жұмыс жоспары құрылды. Алдағы  уақытта көлік полициясында аталған жұмыс жоспарымен біршама істер жүзеге асырылмақ.

Международное информационное агентство «DKnews.kz» зарегистрировано в Министерстве культуры и информации Республики Казахстан. Свидетельство о постановке на учет № 10484-АА выдано 20 января 2010 года.

Тема
Обновление
МИА «DKnews.kz» © 2006 -