Өнеркәсіп саласын цифрландыру

38907

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінде өнеркәсіп саласын цифрландыруды талқылау аясында Вице-министр Д.Р.Щеглова «Цифр» компаниясының басшылығы және "Инновациялық технологиялар паркі"дербес кластерлік қорының өкілдерімен кездесті.

Кездесу барысында жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың негізгі қорларын трансформациялау және цифрландыру перспективаларын қоса алғанда, «технологиялық прогрессивті өнеркәсіпке көшу» мүмкіндігі талқыланды. «Цифр» компаниясы Қазақстан Республикасының аумағында бірқатар маңызды жобаларды іске асыру туралы айтты. Әрі Ресей Федерациясында Индустрия 4.0 орталығын құру бойынша тәжірибесімен бөлісті.

Одан бөлек, тараптар өнеркәсіпті цифрлық трансформациялаудың жалғыз жолы ретінде адами капиталды дамытудың маңыздылығын атап өтті.

Қазақстанда отандық кәсіпорындар «Цифр» компания тобымен ынтымақтастық инновациялық өнімдер мен шешімдерді интеграциялау үшін платформа құруға, сонымен бірге жергілікті кадрлардың құзыреттілігін дамытуға мүмкіндік береді.

«Цифр» компания тобы өнеркәсіптік жасанды интеллект және интернет заттары негізіндегі шешімдерді әзірлеп, енгізеді. Роботтандырылған өнеркәсіптік көлік индустриясын дамытады. «Цифр»  компаниясының өнімдері Ресей, Финляндия, Үндістан, Франция, Германия, Болгария, Румыния, Сингапур, Марокко, Чили, Перу, ОАР-ның тау-кен өндіру, мұнай-газ, химия және машина жасау салаларының тиімділігі мен қауіпсіздігін арттырады.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар келешекте ынтымақтастықты нығайтуға дайын екендіктерін білдірді.

Международное информационное агентство «DKnews.kz» зарегистрировано в Министерстве культуры и информации Республики Казахстан. Свидетельство о постановке на учет № 10484-АА выдано 20 января 2010 года.

Тема
Обновление
МИА «DKnews.kz» © 2006 -