Ең үздік халықаралық тәжірибелер негізінде Қазақстанның аграрлық өнеркәсіп кешенін (АӨК) тұрақты дамытуға үлес қосу

13530

Сұрақ: 16 қазан Дүниежүзілік азық-түлік күні және Біріккен Ұлттар Ұйымының Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының (ФАО) 75 жылдық мерейтойы. Осыған орай ФАО-ның құрылу себептері мен қазіргі уақытта дүниежүзіндегі және Қазақстандағы қызмет ету аясы жайлы толығырақ айтып берсеңіз.

Жауап: Дүниежүзілік азық-түлік күні ФАО-ның құрылған күніне орай қазан айының 16 жұлдызында, әлемнің барлық дерлік елдерінде тойланады. XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басында дүниежүзілік ауыл шаруашылығы көптеген сынақтарға тап болды, ал Екінші Дүниежүзілік соғыс кезінде ашаршылық милиондаған жанның өміріне қауіп төндірді. Бұл біздің Ұйымымыздың құрылуына себеп болған басты тарихи оқиғалар болып табылады.

1945 жылдың 16 қазанында Квебек (Канада) қаласында, әлемнің 34 елінің өкілдері ФАО-ның Жарғысына қол қойды. Осылайша, біздің Ұйым БҰҰ-ның құрылуынан бірнеше күн бұрын құрылған еді. Негізі қаланған сәттен бастап, ФАО дүниежүзілік ауыл шаруашылығындағы ең үздік тәжірибелерді тоғыстырып, Ұйымға мүше елдердің аграрлық азық-түлік өнімділік әлеуетін арттыруға көмек қолын созуда.

Қазіргі таңда ФАО өзінің басты міндеті – әлем жұртын ашаршылықтан құтқару жолында қызмет атқаруда. Бүгінгі күні ФАО құрамына әлемнің 194 мемлекеті кіреді, және Ұйым олардың 130-да белсенді қызмет атқарады. 

Бұл елдерде ФАО саны күннен-күнге өсіп келе жатқан халықты азық-түлікпен қамтамасыз ету үшін ауыл шаруашылығы саласын, аграрлық азық-түлік өндіру жүйелерін және өндіріс үрдісіндегі құндылықтар тізбегін дамытуға қатысты ең өзекті мәселелерді шешуде жәрдемдесуде. Сонымен қатар, біздің жобаларымыз гендерлік теңдікті насихаттауға, БҰҰ белгілеген 2019-2028 жылдардағы Отбасылық шаруашылықтар Онжылдығы қарсаңында маңызы зор отбасылық шаруашылықтар мен жастар қауымын қолдауға бағытталған.

Ұйымның 75 жыл бойы жинаған тәжірибесі мен білімі ауыл, орман және балық шаруашылығы салаларының шешілуі қиын мәселелерді түйіндеуге және жергілікті басқарушы ұйымдардың сұраныстары бойынша туындаған қиындықтарды шешуге бағыттылған жедел іс-қимылдар атқаруға мүмкіндік береді.   

Қазақстан мен ФАО арасындағы әріптестік 1997 жылдан бері, яғни ФАО құрамына енгеннен бастап жалғасып келеді. ФАО Қазақстан Үкіметіне ауыл шаруашылығын және азық-түлік өндіру саласын тұрақты дамыту жолында, БҰҰ тұрақты даму мақсаттарында көрсетілген қағидалар мен тәсілімдемелерді тиімді пайдалануға көмектеседі. 

Бұл әлемдік климаттық өзгерістердің тигізер әсерін ескеріп және табиғи ресурстардың экологиялық тұрақтылығын сақтай отырып, ауыл-аймақтардағы тұрғындар әлеуетін арттыруға жағдай жасайтын, аграрлық сектордағы өнімділікті көбейтуге бағытталған агротехнологияларды пайдалануды білдіреді. Соңғы кездерде ФАО-ның қолдауымен Қазақстанда органикалық ауыл шаруашылығы саласы қарқынды дамып, сонымен қатар елімізде келешегі және  әлеуеті зор дәнді-бұршақты дақылдар мен майлы дақылдар өндірісі мен экспортына жаңа мүмкіндіктер ашылуда.

Сұрақ: ФАО-ның Қазақстандағы басты қызмет ету аясы мен бағдарлары ФАО мен Қазақстан Республикасы Үкіметі арасындағы Әріптестік бағдарламасының аясында анықталады. Бұл бағдарламаның құрамына не кіреді? 

2018 жылдың шілде айында бекітілген ФАО-Қазақстан Әріптестік бағдарламасы  – ҚР Үкіметі мен ФАО арасындағы Келісімнің ажырамас бөлігі. Бұл біздің стратегиялық әріптестігіміздің дамуы жолында Қазақстанның аграрлық өнеркәсіп кешенін (АӨК) Ұйымымыздың халықаралық тәжірибесіне сүйеніп дамытуға бағытталған көптеген жобалардың дүниеге келуіне жол ашқан маңызды қадам болып табылады. 

Әріптестік бағдарламасы ҚР АӨК-сін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында және жаңа АӨК дамытудың 2022-2026 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында көрсетілген бастамалар негізінде жүзеге асады. ФАО жаңа ҚР АӨК-нің дамыту бағдарламасының әзірленуіне белсенді араласуда.

ФАО-Қазақстан Әріптестік бағдарламасы құрамындағы жобалар тұқым өсіру шаруашылығының заманауи технологияларын және суарудың жаңа су үнемдеу технологияларын енгізу, мал шаруашылығының үйлесімді даму модельдерін жасау және іс-жүзінде сынау, органикалық өнімдер өндірісін дамыту мен экпортын кеңейту және басқа да мемлекет үшін маңызы зор салаларды қамтиды. Қазақстан Үкіметінің еліміздегі АӨК-нің дамуы жолында халықаралық тәсілімдемелерді тиімді пайдалануға жол ашатын Әріптестік бағдарламасын қаржыландыру сатысына өтетініне сенеміз.

Жалпы ФАО-ның 2010-2025 жылдар аралығында Қазақстанға көрсетер техникалық көмегі және Әріптестік бағдарламасының аясында жоспарланған жобаларды есептемегенде, жалпы бюджеті 35.8 млн. АҚШ доллары болатын 39 жоба қарастырылған. Олардың 11-і сәтті жүзеге асырылды және 8-і жүзеге асырылу үстінде, ал 20 жоба дайындық сатысында. ФАО-ның Қазақстанда жүзеге асыратын барлық жобаларының бағыттары елдегі ұлттық әріптестермен бірге анықталады.

Олардың құрамына ең маңызды әріптестеріміздің бірі Ауыл шаруашылығы министрлігі кірсе, сонымен қатар, қазіргі таңда БҰҰ 2021-2025 жылдардағы Қазақстандағы тұрақты даму жөніндегі Негіздемелік бағдарлама негізінде жаңартылып жатқан ФАО-ның Қазақстандағы Мемлекеттік негіздемелік бағдарламасы анықтайтын әріптестер кіреді. 

Бүгінде Қазақстанда ФАО-ның жер және жайылым ресурстарын кешенді басқаруға, құрғақшылыққа және тұзға төзімді дақылдар өнімдірісін жандандыруға, ауыл-аймақта отбасылық шаруашылықтар мен жеке шаруақожалықтарына баса назар аудара отырып, агроөндірісті қалыптастыру және дамытуға, мал шаруашылығында антибиотиктерді шектен тыс пайдалану салдарынан туындаған антимикробты дәрі-дәрмекке аса сезімталдылықпен күресуге, ауыл шаруашылық дақылдары зиянкестерімен, оның ішінде шегірткелермен күресуге, фитосанитариялық бақылауды жақсартуға, ауыл шаруашылығы цифровизациясын дамытуға, тамақ қалдықтары мен өндіріс шығындарын азайтуға және басқа маңызды даму салаларына бағытталған жобалары жүзеге асуда.

Қазақстандағы ФАО кеңсесі Ауыл шаруашылығы министрлігін қолдау жобасының аясында жаңа АӨК-ні дамытудың 2022-2026 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының әзірлігіне белсене араласып, аграрлық азық-түлік нарығын дамыту мен Қазақстанда халықаралық азық-түлік хабын құру жобаларын (Сауда және интеграция министрлігімен бірлесіп) жүзеге асыруға кірісті. 

Сонымен қатар аграрлық нарық пен азық-түлік өнімдері экспортын, және жер шаруашылығы мен отбасылық шаруашылықты дамыту жобаларын дайындауда.

Сұрақ: Жуық арада COVID-19 пандемиясы әлемдік азық-түлік нарығына қалай әсер етпек және бұл өзгерістердің Қазақстан ауыл шаруашылығына тигізер әсері қандай болмақ?

Коронавирус инфекциясының таралуына байланысты қыркүйек айындағы ФАО-ның азық-түлік бағаларының жинақтық индексі 2020 жыл басында біршама төмендегенімен, жылдың екінші бөлігінде тұрақты түрде өсуде. Бұл индекс халықаралық азық-түлік тауарлары бағаларының ай сайынғы өзгерісін көрсетеді. Индекстің өсу себебі өсімдік майы мен дақыл бағаларының өсуі. Ал сүт өнімдерінің бағалары негізінен өзгеріссіз қалса, қант пен ет бағалары соңғы уақытта біршама түскен.

Пандемия, және онымен қоса келген, COVID-19 індетінің таралуын тежеу мақсатында енгізілген карантин шаралары сауда-саттық қатынастарына және халықаралық және аймақтық тауар айналымына кері әсерін тигізіп, өндіріс және нарықтық үдерістердің бұзылуына әкеп соқты. Сонымен қатар импорттаушы елдерде кейбір азық-түлік тауарларының жетіспеуі бағаның өсуіне әкелді. Бұл тұтынушылардың сатып алу қабілеттеріне кері әсерін тигізді.

Әсіресе нарық мүшелерінің жаңа жағдайларда қалай әрекет ету керектігін анық түсінбеген кезінде, яғни карантиндік шаралардың алғашқы айларында жағдай қиын болды. Бұл орайда Қазақстанның жеміс-жидек өнеркәсібінде, өсімдік өнімдеріне деген сұраныстың күткен мөлшерден көп болғаны байқалды. Ал сұраныстың артуы көкөніс пен жеміс бағаларының артуына әкелері анық.

Дегенмен COVID-19 таралуының бастапқы кезіндегі агроөндіріс саласында туындаған белгісіздікке қарамастан, қазіргі таңда, көптеген мемлекеттер үкіметі ғаламдық дағдарыс кезінде жұмыс атқару тәжірибесіне ие болып, нарықтың жаңа шарттарына бейімделіп, дайындықтарын көрсетуде. Қазақстанның әлемдік және аймақтық азық-түлік нарығындағы алар орнын ескере отырып, әлемдік үрдістің ел нарығына тигізген біршама әсерін байқауға болады.

Соңғы жылдарда Қазақстан АӨК Орталық Азия аймағын азық-түлікпен, әсіресе ұн мен дақыл өнімдерімен қамтамасыз етуде үлкен ықпалға ие болды. Бағалар тұтынушылардың сұранысына және соңғы жылдары белсенді дамып, азық-түлік экспортында бәсекелестікті арттырып келе жатқан көрші Қытай елінің өндіріс нарығына байланысты анықталады. Сонымен қатар, Қазақ еліне де Қытайға азық-түлік өнімдерін экспорттауға мүмкіндіктер ашылды.

2020 жылы нарықтағы басты өнімдердің, атап айтсақ, бидай, арпа, ұн, зығыр, рапс және күнбағыс бағалары өскен. Ал кей өнімдер бағаларын “анықтаушы” тұтынушылар емес, өткен маусым бағаларына немесе одан жоғары бағаға жетуді көздеген өндірушілер. Аймақтарда Қазақстан арпасына деген сұраныс жоғары емес. Еліміздің арпа өнімін басты импорттаушы ел – Иран. Алайда арпаны Иранға экспорттауда, төлем жүргізілуіне байланысты тұрақсыздықтар кесірінен арпа өндірісі баға динамикасын болжау қиынға түсуде.

Импортталатын көкөністер мен жемістерге қатысты айтатын болсақ, олардың бағалары пандемияға байланысты шектеулер мен теңгенің құнсыздануына байланысты әрі қарай көтеріледі деп күтілуде. Қазақстанның қатты бидай, кейбір майлы және бұршақты дақылдары Еуропа және Қаратеңіз аймағы өндушілерімен бәсекелестікке түсе алады. Соңғы жылдары, Қытай еліне дақыл экспорты дамуда.

Орталық Азия және Ауғанстан аймағында Қазақстан ұны мен дақылдарына сұраныс тұрақты болуда. Бұл еліміздің дақыл өндірісі мен саудасының ұзық уақыт бойы дамуына пәрмен береді. Орталық Азияның географикалық орналасуы, яғни теңіз сауда жолдарынан алыс болуы Қазақстанның бәсекелестік артықшылығын арттырып, Орталық Азия мен Ауғанстан ердеріне ұн мен дақыл жеткізуші басты ел болуына ықпал етуде.

 Бұл жергілікті дақыл нарығының негізін қалауға, бағалардың әлемдік дақыл нарығына қатты тәуелді болмауына мүмкіндік береді. 2020 жыл бұл құбылыстың айқын дәлелі болмақ. Қазақстанның 2019 жылғы бидай экспортына шектеу қоюы Орталық Азиядағы бидай бағасының біршама өсуіне әкелді, ал Ресей мен Украинаға экспорттың шектелуі әлемдік дақыл нарығының баға құбылмалылығына әкелді.   

Өткен жылмен салыстырғанда Қазақстан 2020 жылы мол өнім алды. Алайда жаңа түсім бағасы өткен жыл көрсеткіштерінен әлдеқайда жоғары. Бұл ұн тарту бидайына, қатты бидай, рапс, күнбағыс, майлы зығыр және бұршақ жармасына қатысты. Шикізат болып табылатын дақыл бағасының өсуі, өндірілетін өнім бағасының өсуіне әкеледі. Ұн, жем, сүт, құс және ет өнімдерінің, өсімдік майы және басқада азық-түлік заттары бағаларының өсуі байқалады.

Сонымен қатар, өсімдік өнімдеріне деген сұраныстың және бағаның өсуі еліміздің АӨК-нің дамуына жағдай жасап, инвестиция тартуға және болашақта өндірістің қарқындылығы мен әртараптылығын арттырады. Алайда тұтынушылар және азық-түлік бағаларының тұрақтануы үшін, Қазақстанда және дүниежүзінде аграрлық азық-түлік өндіріс тізбегінің үздіксіз қызмет атқаруы және сауда режимінің жеңілдетілуі шарт.


Olga GREBENNIKOVA


Фото: ФАО, автор Мухтар Холдорбеков

Международное информационное агентство «DKnews.kz» зарегистрировано в Министерстве культуры и информации Республики Казахстан. Свидетельство о постановке на учет № 10484-АА выдано 20 января 2010 года.

Тема
Обновление
МИА «DKnews.kz» © 2006 -