«Бұл әлемді сіздермен бірге көріп отырмыз» - бас бостандығынан айыр ылған АП-162 /4 мекемесіндегілер , зағип және көзі нашар көретін кітапханаға келушілер үшін Павлодар өңірінің сұлулықтарының макеттерін жасады.
Зағип және нашар көретін адамдарға арналған кітапхана қызметкерлері АП-162 /4 мекемесінің офицерлеріне біздің өлкеміздің сұлулықтарының макеттерін жасап беруді сұрады.
- Бұл іс-шараны «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру аясында өткізіп отырмыз. Мекеме қызметкерлерінен «Біздің туған өлкеміз» тақырыбына макеттер жасауға көмектесуін сұрадық. Бүгінде бізге «Баянауыл әсемдігі» , киіз үй,Мәшһүр Жүсіп мешіті макеттері әкелінді. Бұл жұмыстар шын жүректен,махаббатпен жасалғаны көрініп тұр. Біз АП-162 /4 мекемесінің қызметкерлеріне ынтымақтастық үшін және осындай сапалы бұйымдар жасап берген шеберлерге алғыс білдіргіміз келеді, - деді кітапхана басшысы.
- Барлық макеттерді колония шеберлері қолда бар материалдардан жасаған. Мысалы, «Баянауыл әсемдігі» макеті кәдімгі картоннан жасалған. Сотталғандар іске құлшыныспен кірісті, өйткені біз оларға макеттер арнайы кітапханаға берілетінін түсіндірдік,- дейді мекеме бастығы Ержан Шалғынбаев.
Зағип жандарға арналған кітапхана - республика бойынша ең үздіктердің бірі, онда зағип және нашар көретін азаматтарға арналған көптеген құралдар, баспа оқулықтары жинақталған. Тек ағымдағы жылы кітапханаға 3000-нан астам адам келген.
Айта кетерлігі , бұл Павлодарлық бас бостандығынан айырылған мекемедегілердің қатысқан алғашқы қайырымдылық акциясы емес. Биыл олар көру қабілеті бұзылған балаларға «Брайль» алфавитін, дойбы мен шахмат жасап берді.