ҚызПУ студенттері ел чемпионатында топ жарды

19437

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Педагогика және психология жоғары мектебінің 5 студенті ауыр атлетикадан қыздар мен жастар арасындағы Қазақстан Республикасының жеке командалық чемпионатында жүлделі орындарға ие болды. Бұл туралы оқу орнының Баспасөз қызметі хабарлады.

Атап айтқанда, 20 жасқа дейінгі қыздар арасындағы жарыста 55 келі салмақ дәрежесіндегі Юлия Потасова бірінші орынға, 59 келі салмақ дәрежесіндегі Аружан Мұрат пен 81 келі салмақ дәрежесіндегі Гүлдана Елубай екінші орынға және 59 келі салмақ дәрежесіндегі Алина Козинец үшінші орынға ие болды.

Ал 23 жасқа дейінгі жастар арасындағы сайыста Юлия Потасова бірінші орынға, Аружан Мұрат екінші орынға, Алина Козинец, Гүлдана Елубай мен Ангелина Полянина үшінші орынға қол жеткізіп, оқу орнының мерейін үстем етті.

Серпе және жұлқа көтеруден қарсылас шақ келтірмеген бойжеткендер бүгінде университетте «Дене шынықтыру» мамандығы бойынша білім алуда. Дене шынықтыру және спорт кафедрасының аға оқытушысы Сәдуақас Шыңғысбаевтың айтуынша, қазіргі күнде қыздар жуырда Шымкент қаласында өтетін әлемдік спорт додасына дайындық үстінде.

Айта кетейік, Қазақстан Республикасының ауыр атлетика федерациясы ұйытқы болған жарыс онлайн форматта ұйымдастырылды. Оған еліміздің әр аймағынан 15 команда мен жалпы саны 569 зілтемірші қатысып, бақтары мен баптарын сынады.

Международное информационное агентство «DKnews.kz» зарегистрировано в Министерстве культуры и информации Республики Казахстан. Свидетельство о постановке на учет № 10484-АА выдано 20 января 2010 года.

Тема
Обновление
МИА «DKnews.kz» © 2006 -