Құнанбай және Абай

58267

Жантөрин атындағы музыкалық-драма театрында БАҚ өкілдеріне арналған «Құнанбай және Абай» пьесасының авторы Есенғали Раушановтың қатысуымен баспасөз конференциясы өтті. Кездесу барысында автор Есенғали Раушанов пьесаның шығу тарихы мен оның негізгі тақырыптары туралы айтты.

Пьесаның авторы, жазушы журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып, пьеса жазу барысында жасаған жұмысына, пьесаны түсінуге арналған маңызды жайларға тоқталды.

Ұлттың ұлы ақыны туралы осыған дейінгі барлық әдебиет, театр және кинотуындылардан басты ерекшелігі автор  шығармасында Құнанбай мен Абай бейнесін саяси және рухани  тәуелсіздік тұрғысынан, әке мен бала арасындағы табиғи, адами  бірлікте қарап, оқиға желісін о дүниенің кіреберіс аясында өрбітеді. 

«Ел иесі Құнанбай мен сөз иесі Абай арасындағы бұл дүниеде  ашылмаған қарым-қатынастың қатпарлары ашылып, айтылмаған  сырлары айтылады. Әке мен баланың екеуара бүкпесіз, ащы да болса ақиқат әңгімелері арқылы кеңестік идеология үстемдігі кезінде Құнанбайға даланың кертартпа шонжары, ел басындағы  бақытсыздықтың құнекері деген қарғыс таңбасын көрерменді иландыра отырып алып тастайды. Сонымен қатар ақын, дана Абай басындағы барлық асыл қасиеттердің балаға  әке кіндігінен, текпен беріліп, тәрбие арқылы сүйекке сіңіп,  дамитынын меңзейді. Бірақ бұдан Абай әкесінің баласы деңгейінде қалған деген  ұғым тумайды. Керісінше, Абай өлеңдері мен әндерінің, қара  сөздерінің сахнада керемет үйлесіммен орындалуы арқылы әкеге  қонбай кеткен өлең мен өнердің бала бойында қалай бағы жанып, бала Абайдың дана Абайға, ұлт ұстазына айналғанына куә болады  көрермен»,- деді Есенғали Раушанов.

Айта кетейік, «Құнанбай мен Абай» пьесасын Абайдың 175 жылдық мерейтойы аясында театрдың арнайы тапсырысымен ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Есенғали Раушанов жазды.

Бүгінгі қойылым ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері Есенғали Раушанов, облыс әкімі Серікбай Трұмов және арнайы шақырылған қонақтар театр режиссері Асхат Маемиров пен театр сыншысы Анар Еркебайдың қатысуымен өтеді.

Международное информационное агентство «DKnews.kz» зарегистрировано в Министерстве культуры и информации Республики Казахстан. Свидетельство о постановке на учет № 10484-АА выдано 20 января 2010 года.

Тема
Обновление
МИА «DKnews.kz» © 2006 -