ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі 2021 жылы еліміздің барлық 17 өңірінде, нақтырақ айтқанда, 14 облыс пен Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында мемлекет пен үкіметтік емес ұйымдардың өзара іс-қимылы саласындағы өзекті сұрақтар бойынша қоғамдық тыңдау өткізді, - деп хабарлайды Деловой Казақстан.
"Министрлік күні" аясында 2021 жылдың 3 ақпаны мен 17 наурызы аралығында 700-ден астам адамның, оның ішінде 300-ден астам ҮЕҰ өкілдерінің қатысуымен үкіметтік емес ұйымдарды мемлекеттік қаржыландыру тетіктеріне арналған 16 онлайн стратегиялық сессия өткізілді.
Сессия барысында Министрлік өкілдері мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты және ҮЕҰ үшін гранттық қаржыландыруды жетілдіру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар мен қолданыстағы тетіктер туралы түсіндірді.
Сонымен қатар, ҚР АҚДМ стратегиялық сессияларының арқасында өңірлерде ҮЕҰ мен жергілікті атқарушы органдардың өкілдері ҮЕҰ мемлекеттік қаржылық қолдау көрсетудің қолданыстағы тетіктері бойынша проблемалық мәселелер блогын белгіледі.
Атап айтқанда, мемлекеттік әлеуметтік тапсырысқа демпингті жою, ҮЕҰ мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бойынша конкурстарға қатысудағы өңірлік шектеулерді белгілеу, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс пен гранттардың салалық қағидатын кеңейту, халықтың қажеттіліктерін бағалауды ескере отырып, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс тақырыптарын қалыптастыру және т. б. сұрақтар көтерілді.
Мәселелерді шешу мен ұсыныстарды әзірлеу үшін министрлік азаматтық қоғам саласындағы сарапшылардың және ҮЕҰ өкілдерінің қатысуымен жұмыс топтарын құрды.
Бұған қоса, ҮЕҰ мемлекеттік қолдау тетіктерін реттейтін нормативтік актілерді жетілдіру бөлігі бойынша да жұмыс жүргізілуде. Атап айтқанда, мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру, іске асыру мониторингі және нәтижелерін бағалау қағидаларына, Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс стандарттарына өзгерістер енгізіледі.
ҚР Қаржы министрлігімен бірлесіп Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына өзгерістер енгізу бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Бүгінгі күні заңнаманы жетілдіру және Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының ішкі регламенттерін қайта қарау шеңберінде гранттық қолдау жүйесін қайта қалыптастыру бойынша жұмыс жүргізілуде.
Жалпы, ҚР АҚДМ Азаматтық қоғам істері комитеті өңірлік қоғамдастық өкілдерінен сындарлы ұсыныстарды жинады. Аталмыш ұсыныстар қорытылып, Министрліктің алдағы жұмысында ескерілетін болады.