ҚызПУ: Ынтымақтастықты дамыту жайын талқылады

21340

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Басқарма төрағасы – ректоры Гүлмира Қанай Сулейман Демирел атындағы Университеттің ректоры Қуаныш Ерғалиевпен кездесті, - деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

Кездесу барысында тараптар білім беру, педагог кадрларын даярлаудың заманауи бағыттары, студенттік дебатты жандандыру және қос жоғары оқу орнының қарым-қатынасын нығайту мәселелерін талқылады.

– СДУ болашақта өз ісінің әлемдік деңгейдегі шеберіне айналатын түлектерге ең жақсы білім алу ортасын қалыптастыру арқылы дамуды мақсат тұтады. Біздің құндылықтар адамзат өмірін, экономиканы жақсартуға, ұлтына қызмет етуге дайын жаңашыл, өз саласында кәсіби біліктілігі жоғары мамандарын тәрбиелеу мен білім беруге негізделеді. Осы орайда Сіздердің оқу орныңызбен өзара тәжірибе алмасып, бірлесіп бірнеше жобаны жүзеге асыруға ниеттіміз, – деді Қуаныш Ерғалиев.

Өз кезегінде Қыздар университетінің ректоры Гүлмира Қанай әріптестікті арттыруға дайын екендігін жеткізді.

Айта кетейік, Сулейман Демирел атындағы Университет – Қазақстанның алғашқы жекеменшік жоғары оқу орындарының бірі. СДУ 1996 жылы құрылып, салтанатты түрде еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қолдауымен ашылды. Қазіргі уақытта университетте төрт факультет жұмыс істейді: Педагогикалық және Гуманитарлық ғылымдар факультеті, Инженерлік және Жаратылыстану ғылымдары факультеті, Құқықтану және Әлеуметтік ғылымдар факультеті және Бизнес мектебі. Университетте білім беру ағылшын, қазақ және орыс тілдерінде жүзеге асады.

Международное информационное агентство «DKnews.kz» зарегистрировано в Министерстве культуры и информации Республики Казахстан. Свидетельство о постановке на учет № 10484-АА выдано 20 января 2010 года.

Тема
Обновление
МИА «DKnews.kz» © 2006 -