15 қараша күні Нұр-Сұлтан қаласында Канаданың виза орталығының ресми ашылуы өтті. Бұл Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін екінші мамандандырылған орталық болып табылады (Алматы қаласындағы визалық орталықты қоса алғанда). Бұл орталықты виза ресімдеуге, жұмыс істеу және оқу үшін рұқсатты алуға арналған құжаттарды қабылдау және ресімдеу қызметтерін көрсету бойынша Канада Үкіметімен арнайы келісімшартқа отырған «VFS Global» компаниясы басқарады.
Жаңадан ашылған орталық визалық қызметтерді тек Қазақстанда ғана емес, сонымен бірге бүкіл аймақта кең аудитория үшін қол жетімді ету мақсатында ашылды. Атап айтқанда, аталған орталықтың ашылуы Нұр-Сұлтан және оған жақын орналасқан аймақтарда тұратын Қазақстан Республикасының азаматтары үшін визалық құжаттарды рәсімдеу және биометрикалық мәліметтерді тапсыру үрдісін жеңілдетеді.
Аталған орталық Канада визаларын беруге қатысты жалпы ақпарат пен әкімшілік қызметтерді ғана ұсынады. Визаны беру немесе бермеу туралы шешімді тек Мәскеу мен Варшавадағы Канаданың иммиграция қызметкерлері қабылдайды.
Канадалық виза орталығы келесі қызмет түрлерін көрсетеді:
- биометриялық мәліметтерді тапсыру;
- визаны жапсыру үшін құжаттар пакетін жөнелту;
- визалық өтініштерді электронды / қағаз түрінде толтыруға көмектесу;
- ҚР аумағында құжаттарды жөнелту бойынша курьерлік қызмет;
- СМС хабарлама, фотокөшіру, құжаттарды сканерлеу, басып шығару және т.б.
Канаданың виза орталығы жоғарыда көрсетілген қызметтерді көрсеткені үшін сервистік қызмет төлемін алады. Қызметтер тізімі мен бағасы визалық орталықтың ресми сайтында орналастырылған.
Мекенжай: Нұр-Сұлтан қаласы, Самал шағын ауданы, 12 үй, 2 қабат;
Телефон: +7 (717) 269 67 57;
Электрондық пошта: info.cankaziom@vfshelpline.com;
Веб-сайт: www.vfsglobal.ca/canada/kazakhstan;
Жұмыс режимі: дүйсенбі - жұма күндері, сағат 8:30-дан 17:00-ге дейін.