ҰБТ-ны қоғам өкілдері қадағалайды

11297



2020 жылдың 16-20 қаңтар аралығында ШҚО-да Ұлттық бірыңғай тестілеудің өтуі жоспарлануда.

Емтихан барысында ашықтық пен айқындылықты, адалдықты қамтамасыз ету мақсатында бақылаушылар ретінде ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) жанындағы облыстың арнайы мониторингтік тобының мүшелері және «Шығыс – Адалдық Алаңы» жобалық кеңсесінің менеджерлері, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің қызметкерлері қатысады.

Тестілеу 5 күн ішінде Өскемен қаласында С.Аманжолов атындағы ШҚМУ базасында, сондай-ақ облыс аудандарында (Күршім, Үржар, Аягөз, Зайсан, Жарма, Катонқарағай, Тарбағатай, Көкпекті аудандары және Семей қаласы) өтеді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жұртшылықпен бірге парасаттылық пен адалдық қағидаттарын қалыптастыру бойынша бірлескен жұмыстарды жалғастыруда.

Международное информационное агентство «DKnews.kz» зарегистрировано в Министерстве культуры и информации Республики Казахстан. Свидетельство о постановке на учет № 10484-АА выдано 20 января 2010 года.

Тема
Обновление
МИА «DKnews.kz» © 2006 -