Қыздар университетінің студенттері Білім және ғылым министрімен кездесті

14564


Бүгін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов студенттермен кездесті. 

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде өткен басқосуға болашақ педагог мамандар қатысты. 

Атап айтқанда, министр әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті мен Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің студенттерімен саладағы түйіткілді тақырыптар төңірегінде әңгіме өрбітті. 

Мәселен кездесуде «Жаңа заң өскелең ұрақ тәрбиесіне араласатын педагог мамандар үшін қандай мүмкіндіктер береді?»,  «Алдағы уақытта еліміздегі білімнің сапасы арта ма, жергілікті жерлерде мектептер жетіспеушілігі шешіліп, материалдық базасы жаңара ма, алыс аймақтарға педагог мамандар бара ала ма?» сынды сұрақтар қаузалды. 

Сонымен қатар ведомство басшысы білім саласын жақсартуға бағытталған кешенді жұмыстар жайында да атап өтті. 

Еркін диалогқа құрылған жиын барысында студенттер өздерін толғандырған сұрақтарға жауап алып, ұсыныстарын білдірді. 

Сауалдардың басым бөлігі жоғары оқу орындары мен мектептердегі зертханалардың заманауи талаптарға сай келмеуімен, жекелеген пәндерді оқытуда кездесетін қиындықтар мен оқулықтар сапасы, дәстүрлі білім беру мен дуалды оқыту жүйесіндегі мәселелерді қамтиды.

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Баспасөз және қоғаммен байланыс бөлімі

Международное информационное агентство «DKnews.kz» зарегистрировано в Министерстве культуры и информации Республики Казахстан. Свидетельство о постановке на учет № 10484-АА выдано 20 января 2010 года.

Тема
Обновление
МИА «DKnews.kz» © 2006 -