Денсаулық – ең басты құндылық

16940



Денсаулық – адам өміріндегі ең маңызды құндылық. Әрине, әр адам өз денсаулығы үшін жауапты.  Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай ІІМ академиясында медицина қызметкерлерімен «Коронавирустық инфекция» тақырыбында профилактикалық дәріс өтті. 

Коронавирус – бұл жалпы суықтан ауыр өткір респираторлық синдромға дейін ауруды тудыратын вирустардың үлкен тобы. Дәріс барысында курсанттарға өлімге әкелетін вирустың негізгі тасымалдаушылары жыландар екені айтылды.

 

Осы бауырымен жорғалаушылардың денесінде вирустық ақуыз қайта түзіліп, оны жыландардан адамға өткізуге мүмкіндік берді. Коронавирустың типтік белгілері қызба, жөтел және тыныс алуды қамтиды. Пневмония жиі кездеседі. Бірақ әдеттегіден басқаша боп келеді. Гастроэнтерологиялық симптомдар, оның ішінде диарея да тіркелген. Бұл вирустың көптеген түрлері ауа арқылы беріледі.

Белгілері тұмауға ұқсас. Дәріс соңында Академияның медициналық қызметкерлері курсанттарды қорғаныш бетперделерін қолдануға, қоғамдық орындарға барғанда арнайы ережелерді сақтауға шақырды. Осындай белгілері бар науқастармен байланыста болуда – қолды сабынмен жиі жуыңыз немесе дезинфекциялық ерітінділермен сүртіңіз деген жадынамалар берілді. Шара соңында 2 курс курсанттары академияның медицина қызметкерлеріне профилактикалық дәрісі үшін алғыс білдірді!

Международное информационное агентство «DKnews.kz» зарегистрировано в Министерстве культуры и информации Республики Казахстан. Свидетельство о постановке на учет № 10484-АА выдано 20 января 2010 года.

Тема
Обновление
МИА «DKnews.kz» © 2006 -