Елордада алдағы демалыс күндері қайда баруға болады?

7832



Нұр-Сұлтанда өтіп жатқан осы аптаның басты спорттық оқиғасы – шайбалы хоккейден 2022 жылғы олимпиадаға арналған іріктеу кезеңінің ойындары. Елордалық театр сүйер қауымның да осы аптада классикалық спектакльдер, заманауи қойылымдар мен түрлі концерттерді тамашалауға мүмкіндігі бар, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Украина хоккейшілерін ойсырата жеңген еліміздің хоккей командасы 7 ақпанда Нидерланды құрамасымен кездеседі. Ал 9 ақпан күні Қазақстан құрамасы Польшадан келген қарсыластарымен күш сынасады. Матч жергілікті уақыт бойынша сағат 17:00-де басталады. 27-30 тамыз аралығында Словакияда, Норвегияда және Латвияда өтетін финалдық кезеңге жолдама алу үшін біздің еліміз топта бірінші орын алуы қажет. 6-9 ақпан аралығындаға хоккей ойындары «Барыс-Арена» спорт кешенінде өтеді.

7 ақпанда «Арман» сауықтыру орталығында спорттық және шаңғы туризмі бойынша елорда Кубогының бірінші кезеңі, сондай-ақ туристік көпсайыс бойынша қала чемпионаты басталады. Жарыс 9 ақпанға дейін жалғасады.

Апта соңы мәдени оқиғаларға да бай. Атап айтсақ, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің «Қазақконцерт» концерттік ұйымының «FORTE-TRIO» мемлекеттік триосы «Астана Опера» театрында «Ғажайып Франция» атты концерттер топтамасын жалғастыруда. Шара 8 ақпан күні сағат 17:00-де басталады.

Сенбі-жексенбіде сағат 18:00-де «Астана Балет» театрында «Күлше қызды» көрсетеді. 8 ақпан сағат 18:00-де «Nomad City Hall» театрының ұжымы көрермендерді «Қош, махаббат» спектаклінің тұсаукесеріне шақырады. М.Мақатаевтың өлеңдеріне жазылған лирикалық мелодрамада қала тұрғындары ақын шығармаларына жазылған халық әндерімен құлақ құрышын қандыра алады.

Рэй Кунидің «№13» комедиясы сенбі сағат 19:00-де қазақ тілінде көрсетілетін болады. Іс-қимыл қонақ үйдің 13-ші бөлмесінде өтеді. Сюжет бойынша, сол бөлмеде адам өлімі болады, оқиғаның немен аяқталғаны сенбі күні «Қазақстан» ОКЗ-да белгілі болады.

9 ақпан сағат 19:00-де «Nomad City Hall» театрында «Счастливые поют» қойылымы көрсетіледі. Фрэнк Синатра мен Эдит Пиафтың құрметіне арналған туынды төртінші жыл қатарынан Алматы, Нұр-Сұлтан және еліміздің басқа да қалаларында көрерменнің көзайымына айналды.

Сенбі сағат 11:00-де Қаллеки театры «Бразилия байлығы» ертегісін, ал 9 ақпан кешкі 19:00-де Ш.Айтматовтың романы бойынша «Ғасырдан да ұзақ күн» драмасын көрермен назарына ұсынады.

8 ақпанда «Астана» концерт залында Абайдың 175 жылдығына арналған «Адамзаттың алыбы – Хәкім Абай» атты республикалық ақындар айтысы өтеді.      

Сондай-ақ 8, 9 ақпан күндері сағат 16:00, 19:00-де «Жастар» театрында «Айман-Шолпан» музыкалық комедиясы қойылады. Осы театрда 9 ақпан таңғы 10.00-де «Еуропа және Азия» атты III халықараылқ шығармашылық байқау-фестивалі ұйымдастыралады.

Международное информационное агентство «DKnews.kz» зарегистрировано в Министерстве культуры и информации Республики Казахстан. Свидетельство о постановке на учет № 10484-АА выдано 20 января 2010 года.

Тема
Обновление
МИА «DKnews.kz» © 2006 -