Елордада жұмыссыз азаматтарды тегін оқыту үшін кадр сұранысы бар жұмыс берушілердің өтінімдері қабылдана бастады

465



Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығында жұмыссыз азаматтарды тегін оқытуды ұйымдастыру үшін кадрлар қажеттілігі бар жұмыс берушілердің өтінімдері қабылданып жатыр, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Кәсіптік оқыту бойынша бірлесіп жұмыс атқару үшін жұмыс берушіге кепілдік хат-өтініш ұсыну  жеткілікті, содан кейін таңдаған мамандығы бойынша оқығысы келетін жұмыссыз азаматтармен сұхбаттасу үшін бос жұмыс орындарының шағын жәрмеңкесіне мәлімделген ұйымдар шақырылады.

Жұмыс берушілердің жұмыссыздарды таңдауын ескере отырып, жұмыспен қамту орталығы үміткерлерді тегін оқуға жібереді. Оқуды аяқтағаннан кейін білікті маман жұмыс берушінің ұйымына  тұрақты жұмысқа орналасу үшін барады.

Жұмыс берушілердің өтінімдері және еңбек нарығында талап етілген біліктіліктер мен дағдылар бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқыту белгілі бір жұмыс түрін орындау үшін қажетті жаңа немесе өзгертілген кәсіби дағдыларды жедел меңгеруге бағытталған.

Қысқа мерзімді кәсіптік оқудан өтіп жатқан «Еңбек» бағдарламасының қатысушылары ретінде жұмыссыз тұлғалар, оның ішінде NEET санатындағы жастардың, аз қамтылған және/немесе көпбалалы отбасы мүшелерінің, еңбекке жарамды мүгедектердің, қысқартуға іліккен қызметкерлердің қатысуға құқығы бар.

Барлық сұрақтар бойынша   Халықты жұмыспен қамту орталығының кәсіптік оқыту бөліміне  +77172 95 44 18/16 хабарласуға болады.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

Международное информационное агентство «DKNews» зарегистрировано в Министерстве культуры и информации Республики Казахстан. Свидетельство о постановке на учет № 10484-АА выдано 20 января 2010 года.

Тема
Обновление
МИА «DKNews» © 2006 -