Қытайдың құрлықтық бөлігіндегі тұрғындардың саны 1,41178 миллиардқа жетті, деп хабарлады сейсенбіде Ұлттық статистика бюросы (ҰСБ) жетінші ұлттық. халық санағы мәліметтеріне сілтеме жасап.
ҰСБ-нің мәліметтері бойынша, бұл көрсеткішке Гонконг, Макао және Тайвань тұрғындары, сондай-ақ 31 провинцияда, автономиялық аймақтарда және құрлықтық бөліктің муниципалитеттерінде тұратын шетелдіктер кірмейді.
Соңғы мәліметтерге сәйкес, он жыл бұрын өткен халық санағында тіркелген 1,33972 миллиардқа қарағанда, халық саны 72,06 миллионға немесе 5,38 пайызға өсті.
Бұл 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі орташа жылдық өсу қарқынын 0,53 пайызды білдіреді. Бұл көрсеткіш 2000 жылдан 2010 жылға дейінгі 0,57 пайыздық орташа жылдық өсу қаркыннан сәл төмен болды.
«Деректер Қытай халқының саны соңғы онжылдықта баяу өсіп келе жатқанын көрсетеді», - деді ҰСБ бас атқарушы директоры Нин Цзичжэ баспасөз конференциясында.
ҰСБ басшысы жас құрылымы, адамдардың балалар туралы түсініктері, ел халқына қатысты үкіметтің саясаты, бала туу мен тәрбиелеу құны, медициналық қызмет көрсету және адамдардың денсаулығының жағдайы сияқты факторлар өсуге әсер ететінін атап өтті.
Алайда Нин: «Елдің халқы болашақта белгілі бір мерзімде 1,4 миллиардтан жоғары болып қала береді», - деді. «Қытай халқының саны болашақта шыңына жетеді, бірақ бұл нақты қашан болатыны белгісіз болып тұр», - деді ол.
Xinhua Silk Road - Belt and Road Portal, China