Жас педиатр дәрігерлердің ІІІ басқосуы өтті Алматыда жас педиатр дәрігерлер жүзден астам ғылыми жоба ұсынды

8063

2020 жылдың 3 наурыз күні Алматыда Ұлы Абайдың «Білім-ғылым үйренбекке талап қылушыларға әуелі білмек керек. Екінші - ғылымды үйренгенде, ақиқат мақсатпен білмек үшін үйренбек керек» деген (Абайдың 32 қарасөзі) ұранымен, С.Д.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-дың 90 жылдығына орай «Жас зерттеуші: заманауи педиатрия және балалар хирургиясы дамуының сын-тегеуріні мен келешегі» атты тақырыпта докторанттар, магистранттар мен резиденттердің халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті.

На изображении может находиться: 3 человека, люди на сцене, обувь и в помещении

Жастар – болашақтың, қоғамның қозғаушы күші. Сондықтан Қазақстанның болашаққа бастаған даңғыл жолы жастарға  байланысты. Біздің жастарымыз ғылым мен білімге ұмтылып, елдің болашағын ойлайтын болса, келешегіміз кемел, тәуелсіздігіміз баянды болары сөзсіз. Жас ғалымдардың ғылыми әлеуетін арттыру, педиатрия және балалар хирургиясы саласындағы өзекті мәселелерді көтеру, дамуы мен келешегін саралау,   жас мамандарды ғылыммен айналысуға шақыру, денсаулық саласындағы мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруда жас дәрігерлердің рөлін арттыру мақсатында Алматыда еліміздің және шет елдің жас педиатрлары бас қосты.  

На изображении может находиться: 3 человека, люди сидят, люди стоят и в помещении

Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы, «Педиатрлар Одағы» қоғамдық бірлестігі мен С.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-дың балалар аурулары кафедрасының ұйымдастыруымен өткен конференцияға Қырғызстан,  Әзірбайжан,  Өзбекстан елдерінің мемлекеттік медицина институттарының жас ғалымдары, Нұр-Сұлтан,  Семей,  Түркістан,  Шымкент,  Ақтөбе,  Алматы қалаларының медициналық ЖОО-ның докторанттары мен  магистранттары, А.Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығының, Акушерлік, гинекология және перинатология ғылыми орталығының, Қазақ көз аурулары ғылыми зерттеу институттарының 100-ден астам зерттеу жұмысымен айналысатын жас ізденушілер: жас педиатрлар мен балалар хирург-дәрігерлері қатысты.

На изображении может находиться: 2 человека, люди сидят

Халықаралық деңгейде өткен конференцияда  педиатрия және хирургия саласы бойынша 100-ден астам ғылыми жұмыстар, арнайы баяндамалар, мақалалар  және постерлік баяндамалар ұсынылды.  Конференция барысында балалардағы ауруларды емдеу мен диагностикалаудың заманауи әдістері,  балаларға медициналық көмек беруді ұйымдастырудың аспектілері,  сирек ауруларды емдеу мен диагностикалауы жетілдіру мен жаңа стандарты, түрлі хирургиялық және соматикалық патологиялары бар балаларды оңалту,   психологиялық және медициналық-әлеуметтік бейімдеу, балалар жасындағы интенсивті терапия мен анестезиология, диагностикалау мен емдеуде  қолданылатын заманауи медициналық технологиялар және т.б. нәрестелер мен балаларды емдеу мен педиатрия, хирургия саласына қатысты өзекті мәселелер талқыланып, практикадағы ерекше клиникалық жағдайлар ортаға салынды. 

На изображении может находиться: один или несколько человек и в помещении

Конференцияның ашылу салтанатында С.Д.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-дың  проректоры Датхаев Ұбайдұлла, Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының Басқарма төрайымы Риза Боранбаева жас ғалымдар алдында алғы сөз сөйлеп,  шараның маңыздылығын атап өтіп, ғылымға қадам басқан жас ғалымдарға жаңа ізденіс тіледі.

На изображении может находиться: 1 человек, в помещении

«Заманауи медициналық ғылым мен практиканың дамуы жас ғалымдардың ғылыми әлеуетінсіз мүмкін емес. Сондықтан біз жас ғалымдардың ғылыми әлеуетін арттыру, жас ізденушілерді ғылыммен айналысуға шақыру мақсатында осымен 3 жыл қатарынан бұл шараны өткізудеміз. Ғылыми-зерттеу жұмыстар тәжірибемен ұштасуы керек деп санаймыз. Ертеңгі медицина бүгінгі жастардың қолында. Бүгінгі конференция балалар жасындағы ауруларды диагностикалау, емдеу және алдын алудағы негізгі мәселелерді саралап, дұрыс жолды айқындауға мүмкіндік береді деп үміттенеміз. Әр дәрігер қай жерде қызмет істемесін, әрқашан өз жұмысына анализ жасап, зерттеу жүргізіп  отыруы керек. Ол жаңа, тиімді, емдеу әдістерін қолдануға, таңдауға мүмкіндік береді. Осыдан 3 жылы бұрын осы конференцияға қатысқан жас ізденушілер, бүгінде магистранттар мен докторанттар атанып отыр. Алдағы уақытта олардың ғылыми-зерттеу жұмыстармен айналысамыз деуі көңіл қуантады. Бұл конференция жастарды ғылымға тартуға жол ашуда десем болады. Бізді   биылғы қатысушылардың ерекше дайындығымен келгендігі, жастардың ерекше белсенділік көрсеткендігі  қуантты. Өткен жылға қарағанда биыл жаңа жобалардың саны артты, сапасы жақсарды. Жастардың жылдан жылға ғылымға ден қоюы артып келеді», дейді қазылар алқасының төрайымы,  Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының басшысы Риза Боранбаева.


На изображении может находиться: 15 человек, люди стоят и в помещении

Ғылыми жобаларды педиатрия және хирургия саласының білікті мамандарынан құралған қазылар алқасы саралады. Конференция соңында ұсынылған жұмыстар «Үздік баяндама», «Үздік мақала», «Үздік постерлік баяндама» аталымдары бойынша анықталып, арнайы дипломдармен марапатталды. Үздік баяндамалар мен ғылыми мақалалар Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығына қарасты «Педиатрия және бала хирургиясы» ғылыми журналында жарияланды.

На изображении может находиться: 19 человек, люди стоят

Жеңімпаздар «Үздік баяндама» аталымы бойынша:

1 орын -  С.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-дың PhD докторанты, Педиатрия орталығының онкогематолог дәрігері  Сымбат Салиева;

2 орын -  С.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-дың PhD докторанты  Айжан Толғанбаева;

3 орын -  С.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-дың «Пульмонология»  мамандығы бойынша  (1 жыл) резиденті Абылай Арыстаналиев.

«Үздік мақала»  аталымы бойынша:

1 орын – «Педиатрия» мамандығы бойынша  (2 жыл) резидент Қымбат  Каримова;

2 орын – Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығының «Медициналық генетика» мамандығы бойынша резиденті Томирис Ауерянова;

3 орын - С.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-дың «Онкология және  балалар гематологиясы»  мамандығы бойынша  (1 жыл) резиденті Динара Егинбергенова.

«Үздік постерлік баяндама» аталымы бойынша:

1 орын -  «Балалар хирургиясы» мамандығының (3 жыл) резиденті Шухрат Розиев;

2 орын -  «Педиатрия» мамандығы бойынша  (2 жыл) резидент Данияр Садықов;

3 орын – Қазақ көз аурулары ғылыми зерттеу институтының (3 жыл) резиденті  Қуаныш  Тукешев.

Ынталандыру сыйлығына Құралай Рамазанова, Магда Курбанова, Анар Еспаева ие болды.

На изображении может находиться: 19 человек, люди сидят и толпа

Педиатрия жəне бала хирургиясы ғылыми орталығы емдеу мекемесі ғана емес, тәжірибелі кадрларды дайындайтын, ғылыми жобаларды іске асыратын орталық болып табылады. «Педиатрия» және «Бала хирургиясы» саласы бойынша резиденттер осында оқытылады. Бүгінгі күні Педиатрия орталығынан түлеп ұшқан жас мамандар еліміздің әр аймағындағы медициналық орталықтар мен мекемелерде қызмет жасауда. Қазіргі таңда Педиатрия орталығындағы резиденттер білім алып, біліктілігін тәжірибемен ұштастырып, онкогематология, кардиохирургия, аутоимунды гепатит, сирек аурулар бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысуда.

Педиатрия жəне бала хирургиясы ғылыми орталығы С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ ҰМУ-дың, «Қазақ медициналық үздіксіз білім беру» университеті мен Республикалық медициналық колледждің клиникалық базасы болып табылады. Орталық базасында бала гемотологиясы, кардиологиясы жəне ревмотологиясы бойынша қайта даярлықтан өту, педиатрияның көкейкесті мəселелері (пульмонология, гемотология, гастроэнтерология, кардиорев-мотология, функциональдық нақтамалау жəне зертхана ісі) бойынша дəрігерлердің білімін жетілдіру циклдары жүргізіледі.



Фото: «Педиатрия және балалар хирургиясы  ғылыми орталығы» баспасөз қызметі

Международное информационное агентство «DKnews.kz» зарегистрировано в Министерстве культуры и информации Республики Казахстан. Свидетельство о постановке на учет № 10484-АА выдано 20 января 2010 года.

Тема
Обновление
МИА «DKnews.kz» © 2006 -