QazIndustry ұсынатын бизнеске арналған мемлекеттік қолдау шаралары бойынша өңірлерде сұхбат

9163


1. «QazIndustry» немен айналысады? 

QazIndustry Қазақстанның өнеркәсіптік кәсіпорындарына технологиялық шешімдерден сертификаттауға, экспортқа және сандық технологияларды енгізуге дейінгі барлық кезеңдерде жәрдем көрсетеді. 

2. Компания мемлекеттік қолдаудың қандай шараларын ұсынады? 

QazIndustry ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің еңбек өнімділігін арттыру бойынша және ҚР сауда және интеграция министрлігінің отандық өңделген тауарларды сыртқы нарықтарға жылжыту бойынша операторы болып табылады. 

Біз өтеусіз қолдау шараларын ұсынамыз. Мысалы, өңделген тауарларды экспорттаушыларға біз тауарларды шетелде жарнамалауға, шетелдік көрмелерге, жәрмеңкелерге, фестивальдарға тікелей қатысуға; шетел тілдеріне аударуға және мамандандырылған каталог шығаруға, өнімді шетелде сертификаттауға, қойманы, сауда үй-жайларын жалға алуға байланысты шығындарды өтейміз. Елеулі шаралардың бірі – көлік шығындарының бір бөлігін өтеу. Экспорттаушылар 2020 жылдың 1 маусымына дейінгі аралықта мемлекеттік қолдаудың қаржылық шараларын алуға өтінім бере алады.

Сонымен қатар, қызметкерлерді оқытуға, кәсіпорында жұмыс істеу үшін шетелдік мамандарды тартуға байланысты шығындарды өтейміз. Кәсіпорындар жабдықтарды монтаждау және іске қосу-баптау, автоматтандырылған жүйелерді, 4.0 Индустрия элементтерін енгізу және біздің отандық кәсіпорындар көтеретін басқа да шығындар бойынша «кэшбэк» ала алады. Еңбек өнімділігін арттыру бойынша шығындарды өтеуді алуға өтінімдер жыл бойы қабылданады. 

Мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну ережелері біздің сайтта орналастырылған www.qazindustry.gov.kz.

3. Мемлекеттік қолдауға қатысушы кәсіпорындарды іріктеу қандай басым критерийлер бойынша жүргізіледі?

Бүгінде біздің мемлекеттік қолдау шараларымызды барлық санаттағы өңдеуші өнеркәсіп кәсіпорындары – ШОБ пен ірі бизнес пайдалана алады. Бірақ нақты талаптар бар. Мысалы, еңбек өнімділігін арттыруға байланысты кеткен шығындардың бір бөлігін қайтарып алу үшін кәсіпорын қызметін экономиканың басым секторларында кемінде 1 жыл жүзеге асыруы қажет. Ал экспорттық шығындарды өтегісі келетіндер отандық өңделген тауарларды өндіруші болуы немесе өндірілген өнімді өткізетін оның еншілес компаниясы болуы қажет.

4. Кәсіпорындар өтінім берер алдында, алдын ала сіздерден кеңес ала алады ма?

Иә, сөзсіз, өтінім беруші өтінім бергенге дейін кеңес ала алады және алуы қажет.

Біз ұялы байланыс, электрондық пошта, Telegram мессенджері арқылы кеңес береміз, сондай-ақ, кәсіпкерлердің ыңғайлылығы үшін өңірлер бойынша менеджер-кеңесшілерді анықтадық, олар қолдау шараларын алу бойынша кез келген сұрақтарыңызға жауап бере алады:

– Маңғыстау облысы бойынша – Айсұлу Жалмурзина, 8 778 171 24 66, a.zhalmurzina@qazindustry.gov.kz 

Барлық ақпарат біздің сайтта орналастырылады

5. Шығындардың бір бөлігін өтеуге өтінімді қалай беруге болады? 

Өтініштер онлайн қабылданады. Ол үшін Сайтта тіркелу қажет www.qazindustry.gov.kz

6. Мемлекеттік қолдау шаралары қаншалықты тиімді, «cash back» алған компаниялардың мысалдары бар ма»?

Өткен жылдың қорытындысы бойынша «еңбек өнімділігін арттыру» бағыты шеңберінде 69 кәсіпорыннан 779,15 млн.теңгеге 122 өтінімдердің шығындары өтелді, ал «отандық өңделген тауарларды сыртқы нарықтарға жылжыту» бағыты бойынша 139 кәсіпорыннан 3,9 млрд. теңгеге 179 өтінімдердің шығындары өтелді, оның 3,5 млрд. теңгесі тауарларды жеткізуге байланысты шығындар және 350,5 млн. теңгесі тауарларды жылжытуға арналған шығындар бойынша. 

Оның ішінде өткен жылы Маңғыстау облысының кәсіпкерлерінен:

  • "еңбек өнімділігін арттыру" бойынша 15 өтінім келіп түсті, оның ішінде 4 өтінім (3 субъектіден) жалпы сомасы 25 691 358 теңгеге өтем алды;
  • "отандық өңделген тауарларды сыртқы нарықтарға жылжыту" бойынша 4 өтінім келіп түсті, оның ішінде 2 өтінім 27 961 595,3 теңгеге (1 субъектіден) өтем алды.

Өтем алушылар туралы нақты айтар болсақ, онда кімдер шығындарды өтегені туралы мысал келтіріп өтейін: "Ақ жол Құрылыс" ЖШС, "КаспийТасЖолы" ЖШС, "Ақтау трасформатор зауыты" ЖШС, "Каспий Цемент" ЖШС.  

Ағымдағы жылы еңбек өнімділігін арттыру бойынша шығындарды өтеуге ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі 510 млн.теңге бөлді. Отандық өңделген тауарларды сыртқы нарықтарға жылжыту бойынша шығындарды өтеуге ҚР сауда және интеграция министрлігі 7,8 млрд.теңге бөлді.

Қорытындылайтын болсақ, коронавирус пандемиясы мен ірі қалаларда карантин енгізуден туындаған елдегі қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайға байланысты, өнеркәсіп кәсіпорындарының қызметін толық немесе ішінара тоқтата тұруына мәжбүрледі, шығындарды өтеу кәсіпкерлік субъектілерінің қаржылық шығындарын азайтуға мүмкіндік береді. Сондықтан барлық кәсіпкерлерге шығындарды өтеуге өтінім беруді ұсынамыз.


«QazIndustry» Қазақстандық Индустрия және Эспорт Орталығы» Акционерлік қоғамының Қолдау құралдары орталығының бас сарапшысы Жалмурзина Айсұлу

Международное информационное агентство «DKnews.kz» зарегистрировано в Министерстве культуры и информации Республики Казахстан. Свидетельство о постановке на учет № 10484-АА выдано 20 января 2010 года.

Тема
Обновление
МИА «DKnews.kz» © 2006 -