Қытайдың ең ірі компанияларының көрсеткіштері көрініс табатын биржалық ноталар AIX-те листингтелді

1191

Astana International Exchange («AIX», «Биржа») iX China Equities BR жаңа биржалық нотасы («ETN») жаңа базалық актив ретінде iShares MSCI China A ETF («CNYA») акцияларымен листингтелгенін қуана хабарлайды. Биржалық ноталардың эмитенті арнайы мақсаттағы компания («SPC») - iX China Equities SPC Limited болып табылады, оның жалғыз активтері Қытайда қор нарығының көрсеткіштеріне қолжетімділікті қамтамасыз ететін аса ірі биржалық инвестициялық қорлардың бірі -  CNYA-ның акцияларымен ұсынылған, деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

«Біз AIX «Белдеу және жол» сегментіндегі юаньмен деноминацияланған жаңа бағалы қағаздардың листингін құптаймыз, бұл капитал нарығында инновациялық шешімдерді ілгерілетуге ықпал етеді. Юаньдағы биржалық ноталар листингі «Белдеу және жол» бастамасы шеңберінде Қазақстан мен Қытай арасындағы кеңейе түсіп отырған қаржылық интеграцияның маңызды кезеңі болып табылады, сондай-ақ Қазақстан мен Орталық Азияда Қытай юаны үшін есеп айырысу орталығының одан әрі дамуына ықпал ететін болады» АХҚО басқарушысы доктор Қайрат Келімбетов

«Jusan Bank» АҚ базалық активтерді сақтау үшін кастодиан-банк, ал Russel Bedford A+ Partners компаниясы аудиторлық фирма ретінде болады.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -