Нағашыбек Қапалбекұлының «Жамбыл және жастар» атты шығармашылық кеші және «Кек», «Жер жүрегі» кітаптарының тұсаукесері өтті

26323

Бүгін, 23 желтоқсанда  Алматыдағы ҚР Ұлттық кітапханасының Н.Дәулетова атындағы залында жазушы, жамбылтанушы, Халықаралық Жамбыл сыйлығының лауреаты, қоғам қайраткері Нағашыбек Қапалбекұлының «Жамбыл және жастар» атты шығармашылық кеші және «Кек», «Жер жүрегі» кітаптарының тұсаукесері, сондай-ақ, қазақ ақыны, жыршы Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына арналған 10 томдық «Жамбыл Жабаев» және 30 томдық «Жамбыл әлемі» жинақтарының тұсаукесері өтті, деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

Іс-шараны ҚР Ұлттық кітапханасының директоры Бақытжамал Қайырбекқызы Оспанова құттықтау сөзбен ашып, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлованың Н. Қапалбекұлының кешіне арналған арнайы құттықтауын оқып, табыстады.

Кешті ақын-жазушы, филология ғылымдарының кандидаты, Мемлекеттiк «Дарын» сыйлығының лауреаты, ҚР Журналистер академиясының академигі Нұржан Қуантайұлы жүргізді.

Сондай-ақ, көрнекті ақын, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстан Жазушылар Одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулет құттықтау сөз сөйлеп, авторға «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерекелік медалін табыс етті.

Жаңа кітаптардың таныстырылымына арналған лента қию рәсіміне:

10 томдық «Жамбыл Жабаев» және 30 томдық «Жамбыл әлемі» жинақтары - Бақытжамал Оспанова, Ұлықбек Есдәулет, Әскербек Абаев, Серікбай Нұрғисаев, Нұрлан Ертас;

«Кек» роман кітабы - Нұрдәулет Ақыш, Хангелді Әбжанов, Мұсабек Әлібеков.

«Жер жүрегі» кітабы - Қуандық Түменбай, Тахир Балықбаев, Алтынбек Қоразбаев қатысты.

Кеште Түркиядан, Өзбекстаннан, Чувашиядан, сонымен қатар әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің ректорынан, Алматы облысының Әкімінен келіп жеткен құттықтаулар мен жеделхаттар оқылды.

Іс-шара аясында «Сүйінбай сазы» ансамблінің әншілері Әнуар Сембаев, Нұртай Есболат және Айжан Нүсіпжанова әндерін тарту етті. Сонымен қатар, оқырман назарына ҚР Ұлттық кітапханасының қорынан «Жыр алыбы - Жамбыл» және «Жамбылтанушы, қаламгер, қайраткер» атты кітап көрмелері ұсынылды.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -