«Компания Нефтехим LTD» ЖШС тексеру нәтижелері

15081

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Павлодар облысы бойынша департаментінің мемлекеттік инспекторлары 2022 жылдың бірінші жартыжылдығына өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы ерекше тәртіп бойынша тексерулер жүргізу кестесіне сәйкес «Компания Нефтехим LTD» ЖШС қауіпті өндірістік объектілері мен қауіпті техникалық құрылғыларына тексеру жүргізді, деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

Кәсіпорын қызметінің негізгі түрі автобензиндерге, пластмассалар, талшықтар, буып-түю ыдыстарын және басқаларды өндіруге арналған синтетикалық жоғары молекулалық қосылысты полипропилендерге арналған жоғары октанды оттегісі бар компонент – метил тред-бутил эфирін (МТБЭ) өндіру болып табылады.

Тексеру барысында 13 объекті (мұнай-химия өнімдерін өндіру бойынша учаскелер (полипропилен өндірісі, МТБЭ өндірісі), азот станциясы, полимер бұйымдарын өндіру; сутегі станциясы, алау қондырғысы, қысыммен жұмыс істейтін жабдық, технологиялық желілер, резервуарлар, химиялық зертхана және басқалар) тексеріліп, өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының 10 бұзушылығы анықталды. Мемлекеттік инспекторлары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді және «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексінің 298-бабы 1-бөлігі бойынша айыппұл түріндегі әкімшілік жаза салынды.

Өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының негізгі бұзушылықтары:

- өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында заңды тұлғалардың басшыларын, мамандарды, жұмыскерлерді даярлауды, қайта даярлауды және білімін тексеруді қамтамасыз ету жөніндегі талаптардың сақталмауы;

-кәсіпорынның өндірістік учаскелері бойынша аварияларды жою жоспарлары авариялық-құтқару қызметтерімен келісілмегендігі;

- қызмет көрсетуші персонал үшін қолжетімді құбыр жолдарында орналасқан қабырғаның сыртқы бетінің температурасы 45  Цельсий градустан жоғары құбырлардың элементтерінде оқшаулаудың болмауы (алау қондырғысы) .

Тексеру қорытындысы бойынша кәсіпорын өкілдерімен кеңес өткізілді, онда тексеру барысында анықталған бұзушылықтар қаралды, оларды жою мерзімдері талқыланды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамасының, оның ішінде: «Қысыммен жұмыс істейтін жабдықтарды пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларының», «Өнеркәсіптің химия саласындағы қауіпті өндірістік объектілері үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларының» және «Компрессорлық станцияларды пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларының» талаптары түсіндірілді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -