Қазақ мемлекеттілігінің тарихи бастаулары және Күшлік хан

1164

Бүгін Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті және «Кетбұқа-Төлегетай» халықаралық қоғамдық қоры «Қазақ мемлекеттілігінің тарихи бастаулары және Күшлік хан» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізді. Іс-шараға отандық және шетелдік тарихшылар, түркологтар, шығыстанушылар, зиялы қауым өкілдері, қоғам қайраткерлері және сутеднттер қатысты, деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

Конференцияға қатысушылар Күшлік ханның ұлы дала бірлестігіндегі рөлі, Шығыс елдері мен түркі халықтарының, дала өркениеттері мен ортағасырлық қалалардың тарихи байланысы туралы және басқа да тақырыптарды қозғады.

«Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» мақаласында біздің ұлттық тарихымыздың тамыры тереңге кететінін атап өтті. Шындығында, біздің тарихымызды жан-жақты зерттемей, нағыз мемлекеттіліктің рухани алтын қазығын бекіту мүмкін емес. Конференцияның негізгі мақсаты – қазақ мемлекеттілігінің бастауларын талқылау, жаңа зерттеулердің қорытындыларымен бөлісу, сондай-ақ Күшлік ханның тарихи қырларын анықтау. Оның тарихи рөлін әділ бағалау және оның негізінде жастардың бойында патриотизм сезімін тәрбиелеу аса маңызды» Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ ректоры, тарих ғылымдарының докторы Ерлан Сыдықов

Жиын барысында Мимар Синан университетінің профессоры Әбдуахап Қара, Алтайтану және Түркология институтының директоры Сартқожа Қаржаубай, «Zhongguo Zuojia» журналының бас редакторы Акбар Мәжитұлы және тағы басқа сарапшылар сөз сөйледі.

ЕҰУ профессоры, тарих ғылымдарының докторы Тұрсынхан Зекенұлы өз сөзінде:

«Конференция тақырыбын ашып, біз жас ұрпақтың білімін тереңдеткіміз келеді. Оқулықтарда, академиялық жинақтарда тақырыптар әрдайым толық ашыла бермейді. Сондықтан конференция барысында біз осы тарихи кезеңді егжей-тегжейлі қарастырып, оның рөлі мен маңыздылығына назар аудардық» Тұрсынхан Зекенұлы

Тарих ғылымдарының докторы, Новосібір мемлекеттік университетінің жалпы тарих кафедрасының меңгерушісі Геннадий Пиков Күшлік ханды талантты мемлекет қайраткері деп сипаттады.

«Шыңғыс ханның өзі Күшлік кезінде мемлекет күшейгенін, яғни қайта жанданғанын атап өтті. Ол мемлекеттің империя ретінде дамуын дәлелдеді, жарқын харизмаға ие болды. Тарихи тұлға көшпелі дәстүрлерге адал болды» Геннадий Пиков

Қолжазбалар және сирек кітаптар орталығының өкілі Алмат Әбсалықов Хасанбек Румлудың «Ахсан ат-таварих» қолжазбасының деректерін ұсынып, қазақ хандарының шежіресі тақырыбына тоқталса, «Zhongguo Zuojia» журналының бас редакторы Акбар Мәжитұлы «Батыс Ляо тарихы» және «Юанши» бойынша Күшлік хан туралы баяндама жасады.

Тарих ғылымдарының докторы, РҒА қалмақ ғылыми орталығының тарих бөлімінің жетекші ғылыми қызметкері Владимир Тепкеев Ойрат мемлекеті мен Қазақ хандығы арасындағы этносаяси байланыс мәселелерін қозғады.

«Кетбұқа-Төлегетай» қоғамдық қорының президенті Қайрат Мусин тарихтың «ақтаңдақ тұстарын» зерделеу, ұрпаққа жеткізу мүмкіндігі – Тәуелсіздігіміздің маңызды сыйларының бірі екендігін атап өтті.

Конференция жұмысы секциялық отырыстармен жалғасын тапты. Оның қорытындысы бойынша қатысушылар Қарар қабылдады.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -