«Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары марапатталды

1104
Фотосурет: Ұлттық ұлан

Отбасы – мемлекеттің негізгі буыны. Тәрбие - отбасынан басталады, болашақ ұрпақтың еліне, Отанына деген сүйіспеншілігі алдымен ата – ананың ықпалымен қалыптасады. Қоғамның негізін қалаушы құрлым қаншалықты мықты болса, келешек ұрпақ балалардың да өмірі қуатты болады.

Бүгінде Орал қаласында, өнегелі құндылықтарды жаңартуға және отбасы мен некенің жағымды үлгісін тарату мақсатында, отбасы мәртебесін арттыруға бағытталған «Мерейлі отбасы - 2023» ұлттық байқауының қалалық кезеңі өтті.   Өткізілген байқауға барлығы 12 отбасы қатысты.

Қала әкімінің орынбасары Мирболат Нұржанов шараға қатысып, байқаудың жеңімпаздарын марапаттады.

 "Осымен 9 жыл қатарынан қала деңгейінде «Мерейлі отбасы» байқауын өткізіп келеміз. Бізден шыққан отбасылар облыстық, республикалық деңгейде қала намысын қорғап жүр. Биылғы қатысушыларға да сәттілік тілеймін" Мирболат Нұржанов 

Өткізілген байқауда бас жүлдені Сүлеймендер отбасы еншіледі. І орынды  Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік қолбасшылығының әскери қызметшілері Утебаевтар отбасы иеленсе, ІІ орынға Октябровтар отбасы лайық деп танылды. Жолымбетовтер отбасы мен Спиридиновтар отбасы жүлделі ІІІ орынды иеленді.

Өз кезегінде жеңімпаз отбасылардың мүшерелі өз әсерлерімен бөлісіп, осындай шараны ұйымдастырушыларға ризашылығын білдірді.

"Қазақ ежелден бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөлген. Ұл - қызының қайрымды, көпшіл болып өсуіне мән берген. Осы іс-шараны ұйымдастырған қала әкімдігіне өз алғысымды білдіремін. Осындай шаралардың жас отбасыларға берері көп"  Ұлттық ұлан офицері полковник Ғалымжан Утебаев

Айта кетейік, іс-шараның жалғасы облыс деңгейінде өткізіледі. Оған осы сайыстың  Бас жүлде және І орын иегерлері қатысатын болады.     

Капитан Ертуған Әубакир

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -