Шығармашылық арқылы дамыту: ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған өнер шеберханасы

9724
Фотосурет: Қарағанды облысының әкімдігі

Академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің педагогика факультетінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған арт-шеберхана ашылды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Жоба жас ғалымдардың "Ғылымдағы жаңа есім" ғылыми-зерттеу жұмыстарына арналған ЖОО ішіндегі грант шеңберінде орындалды.

"Арт-шеберхана ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды әлеуметтендірудің инновациялық нысаны ретінде" жобасының авторы – п. ғ. м. арнайы және инклюзивті білім беру кафедрасының оқытушысы Камиля Аринова.

– Арт-шеберхананы құруға біздің барлық кафедра өкілдері ат салысты. Жобаның мақсаты шығармашылық сабақтар арқылы ерекше балаларды әлеуметтендіруге ықпал ету юолып табылады. Арт-терапия тұлғааралық дағдыларды қалыптастыруға ықпал етеді, әлеуметтік бейімделуді жеңілдетеді, кризисті жеңілдетуге көмектеседі, өмірлік белсенділікті оятады. Балалармен студенттер-еріктілер айналысады. Былайша айтқанда, теориялық білімді тәжірибемен нығайтады. Ашылу салтанатына біз "Аутист балалардың ата-аналар қауымдастығы" ҚҚ өкілдерін шақырдық. Біздің кафедра осы қормен көптен бері ынтымақтасып келеді. Арт-шеберханамыздың маңызды міндеттерінің бірі – ерекше білім беру қажеттілігі бар баланы тәрбиелеп отырған отбасыларға қолдау көрсету, – дейді Камила Аринова.

Арт-шеберхана кафедрада жұмыс істейтін арнайы және инклюзивті білім беру ресурстық орталығымен бір қанатта орналасқан. Ерекше келушілерге ыңғайлы болу үшін санитарлық бөлме құрылды. Арт-шеберхананың өзі шығармашылық сабақтарға қажетті барлық заттармен жабдықталған, заманауи оқу-әдістемелік құралдармен, электрондық бағдарламалармен жабдықталған.

Арт-шеберханада мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балалар, сондай-ақ үйде оқитындар қатысады.

Жас педагогтар ЕББҚ бар әрбір баланың шығармашылық әлеуетін ашу үшін жұмыста инновациялық тәсілді қолданатын болады. Ол үшін модельдеу, изо -, имаго -, ертегі -, библио -, кинезо -, музыкалық терапия және т. б. сияқты арт-терапевтік және арт-педагогикалық әдістер таңдалды.

Қыркүйек айында педагогика факультетінде, мектепке дейінгі және психологиялық-педагогикалық дайындық кафедрасында ерте даму зертханасы ашылды. Жоғары оқу орны ішіндегі қаржыландыру аясындағы білім беру хабы желтоқсан айының соңында толық куатта жұмыс істей бастады.

– Зертхана болашақ педагогтардың кәсіби дайындығын жетілдірумен, мектепке дейінгі білім беру жүйесі үшін цифрлық білім беру ресурстарын әзірлеумен айналысады. Біз балаларды ерте дамыту мәселелері бойынша кеңес ала алатын тәрбиешілер үшін де, ата-аналар үшін де жұмыс істейміз. Қарағанды өңірінің мектепке дейінгі білім беру педагогтарымен ынтымақтастықта студенттер, магистранттар мен докторанттар тартылатын ғылыми зерттеулер жүргіземіз, – дейді жоба жетекшісі п. ғ. д., мектепке дейінгі және психологиялық-педагогикалық даярлық кафедрасының профессоры Наталья Мирза.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -