Ғылымды басқару: "ғылым және технологиялық саясат туралы"Заң жобасы мақұлданды

6061
Фотосурет: ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі

ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі әзірлеген «Ғылым және технологиялық саясат туралы» заң жобасының негізгі новеллалары туралы баяндама жасады, деп хабарлайды DKNews.kz.

Жаңа заң жобасы Мемлекет басшысының «Әділ Қазақстанның экономикалық бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру мақсатында әзірленді.

Заң жобасы құқықтық олқылықтарды жою, ғылыми кадрларды даярлауда жағдай жасау, ғылыми қызметкерді әлеуметтік қорғау кепілдіктерін іске асыру, корпоративтік басқаруды енгізу және т.б. арқылы ғылыми қызметтің стратегиялық, кәсіптік және әлеуметтік мәселелерін шешуге бағытталған.

Ғылымды басқару жүйесінің құрылымын жетілдіру, Ғылым қорының функционалын күшейту, Ұлттық Ғылым академиясын қайта құру, ғылыми қызметкерлерді, оның ішінде жас ғалымдарды әлеуметтік қолдау пакетін кеңейту жоспарлануда.

«Дамыған елдердің тәжірибесіне сүйене отырып, Қазақстанның ғылыми-технологиялық саясаты ішкі ғылыми-инновациялық деңгейді арттыруға, әлемдік технологиялық көшбасшыларға қатысты инновациялық алшақтықты қысқартуға, қазақстандық компанияларды коммерциялық мақсаттарда пайдалану үшін жаңа сыртқы ақпаратты игеруге бағытталатын болады», - деп атап өтті С.Нұрбек.

Қазіргі таңда, ғалымдарды ынталандыру үшін бірқатар түзетулер қарастырылған. Соның бірі Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау мақсатында ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің және «Отбасы банкінің» бірлескен бағдарламасы бойынша тұрғын үй сатып алу немесе тұрғын үй жағдайларын жақсарту. Бүгінгі таңда, аталған бағдарламамен Қазақстан бойынша жас ғалымдар көптен күткен баспаналарын алуда.

Министр Заң жобасын одан әрі іске асыру ғылымның дамуына және елдің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету, ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық қызметті салааралық үйлестіру үшін ғылыми жетістіктердің нәтижелерін енгізу жөніндегі технологиялық саясатты іске асыруға ықпал ететінін атап өтті.

Отырыс барысында, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары заң жобасына өзгерістер мен түзетулер енгізу жөнінде бірқатар ұсыныстар берді. Түзетілген құжат екінші оқылымда ұсынылады.

Сонымен қатар, отырыста заң жобасын іске асыру ғылымның дамуына және ғылыми жетістіктердің нәтижелерін енгізу жөніндегі технологиялық саясатты іске асыруға ықпал ететінін атап өтті.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -