Аягөз қаласында орналасқан танк әскери бөлімі өздерінің әскери бөлімдерінің құрылған күнімен кәсіби мерекесін мәдени демалу орталығында салтанатты түрде ерекше атап өтті, деп хабарлайды DKnews.kz.
Мереке сайын шынжыр табанды жойқын техниканы меңгерген Отан қорғаушыларды ұлықтау бүгінде Құрлық әскерлерінде дәстүрге айналған мереке. Бұл күні республикамыздағы барлық танк бөлімшелерінде мерекелік шаралар жүзеге асырылады.
Осындай қос айтулы күн аясында Аягөздік танк құрамасының басшылығыда өз бағынысындағы жеке құрамды құттықтап, қызмет барысында өздерін жақсы жағынан көрсеткен әскери қызметшілерді мақтау қағаздары және бағалы сыйлық марапаттады.
Мерекелік шараға арнайы келген Қарулы Күштер ардагерлерімен гарнизондағы әскери бөлім командирлері жеке құрам алдында құттықтау сөз сөйлеп, өз ақ тілектерін білдірді.
Бүгінгі кәсіби мерекеміз сапта тұрған әр танкішіге ерекше көңіл беретініне сенімдімін. Себебі бұл нағыз танкішілер мерекесі. Осы мереке аясында Қарулы Күштер танкішілерін төл мерекелерімен және Аягөз гарнизонының танк әскери бөлімінің құрылған күнімен құттықтағым келеді 10810 әскери бөлім командирі міндетін уақытша атқарушы подполковник Асылбек Унтаков
Айта кетейік, салтанатты шара әрмен қарай көркемөнерпаздардың концертімен жалғасын тапты.