Қытай енді біржақты немесе өзара келісім бойынша 75 елдің азаматтары үшін визасыз режим енгізді. Бұл ҚХР-дың визалық тәртіпті оңтайландыру және халықаралық алмасуды ілгерілету жөніндегі күш-жігерінің аясында болды, деп мәлімдеді ҚХР Көші-қон істері жөніндегі мемлекеттік басқармасының (SAM) басшысы Ван Чжичжун баспасөз мәслихатында, деп хабарлайды Xinhua.
14-ші бесжылдықта (2021-2025 жж.) Қытай арқылы азаматтары визасыз транзитке құқығы бар елдердің саны да 55-ке дейін өсті. 24 провинцияны, автономды облысты және орталық бағыныстағы қаланы қамтитын елге кіруге болатын бақылау-өткізу пункттерінің саны 60-қа жетті. Одан бөлек, визасыз транзиттік кезең 240 сағатқа дейін ұлғайтылды.
Ресми деректерге қарағанда, 14-бесжылдықта Қытайдың шекаралық бақылау органдары адамдардың Қытайға кіруіне және шығуына 1,556 млрд адам-рет рұқсат беріп, ұшақтар, кемелер, пойыздар мен автомобильдер сияқты 98 миллионнан астам көлікті тексеріп, өткізді.
«Қытайдың бақылау-өткізу бекеттеріндегі кедендік ресімдеу жүйесі әлемдегі ең тиімді жүйелердің біріне айналды», - деп атап көрсетті Ван Чжичжун.