Настройки
Язык
Тема
Обновление

Қазақстанда пост-ковид оңалту бағдарламалары бар ТОП шипажайлар анықталды

Бүгінгі таңда COVID-19 коронавирустық инфекциясынан кейін қалпына келтіру тақырыбы, сондай-ақ осы аурудың алдын-алу бүкіл әлемде бұрынғыдан да өзекті. Өз кезегінде, мұндай сұраныс санаториялық-курорттық демалыс пен медициналық туризмді дамытуға мүмкіндік береді.

Қазақстан өзінің бірегей рекреациялық ресурстарымен пост-ковид оңалту мақсатында санаториялық-курорттық демалысты ұйымдастыру бойынша ТМД көшбасшысы бола алады.

Қолайлы климаттық жағдайлар, минералды су көздерінің және шипа балшық кен орындарының болуы Қазақстанның барлық өңірлерінде емдеу–сауықтыру аймақтарының дамуына ықпал етеді.

Короновирустан кейінгі оңалтудың өсіп келе жатқан сұранысына байланысты Қазақстан Республикасының Ұлттық Курорттық қауымдастығы санаториялық-курорттық объектілерді зерттеу қорытындысы бойынша COVID-19-ға шалдыққан адамдарды оңалту бойынша бағдарламалары бар 10 үздік санаторий анықтады.

Мәселен, «Сарыағаш» курорттық аймағындағы санаторийлердің ішіндегі коронавирустан кейінгі оңалту бағдарламаларын ұсынатын ең үздігі - «Алтынай» және «Қазақстан KZ» болып табылады. Сондай-ақ, бұл тізімге Түркістан облысындағы «Манкент» шипажайы да кірді.

Жамбыл облысында «Merke Radon» санаторийі және Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау ШЖҚ «Айша-бибі» МКК санаторийінің оңалту орталығы аталды.

Бұдан басқа, Ұлттық Курорттық қауымдастықпен короновирустан кейінгі оңалту бағдарламалары бар мынадай санаториялық-курорттық объектілер аталғын: Алматыда – «Қазақстан» санаторийі және «Altyn Kargaly» қонақ үй-санаторийі; Алматыдан үш шақырым жерде, Іле Алатауының етегіндегі – «Almaty Resort» санаторийі; Батыс Қазақстан облысында – «Nurbergen Health Resort» санаторийі және Ақтөбе облысында – «Шипагер» санаторий – профилакториі.

Естеріңізге сала кетейік, «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясы Қазақстан Республикасының Ұлттық Курорттық қауымдастығымен бірлесіп, курорттық аймақтардың айналасындағы инфрақұрылымның бар-жоғын және материалдық-техникалық жарақтандырылуын зерделей отырып, санаториялық-курорттық объектілерге зерттеу жүргізді. Онда 173 санаториялық-курорттық объектіге инспекция жүргізілді, оның қорытындысы бойынша жаңартылған тізілім, санаторийлер каталогы ұсынылды, www.kazakhstan.travel порталында жұмыс істеп тұрған санаторийлер туралы өзекті ақпарат орналастырылды, сондай-ақ, бейнеролик шығарылды.

Международное информационное агентство «DKNews» зарегистрировано в Министерстве культуры и информации Республики Казахстан. Свидетельство о постановке на учет № 10484-АА выдано 20 января 2010 года.

Приложение DKNews для Android Приложение DKNews для iPhone
МИА «DKNews» © 2006 -