Настройки
Язык
Тема
Обновление

Әскери жоғары оқу орнын бітірді: кешегі курсанттар – бүгінгі лейтенанттар

17355

Екі мәрте Кеңес Одағының батыры Талғат Бигелдинов атындағы Әуе қорғанысы күштері әскери институтын офицерлер бітіріп шықты, - деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

Салтанатты шара Ақтөбе қаласындағы Тұңғыш Президент саябағында өтті. Дәстүр бойынша алаңға оқу орнының жауынгерлік туын «Сағадат» маршымен алып жүрді.

– Биыл оқу орында ұшқыш және инженер мамандығы бойынша 64 офицер білім алып шықты. Оның ішінде Қырғызстаннан келген 3 түлек бар. Мамандар жан-жақты даярлықтан өтті. Олар ұшақты басқарып, ұшу аппараттарының жүйелерін пайдалану негіздері мен әуеде ұрыс жүргізу тактикасын меңгерді, – деп атап өтті Әуе қорғанысы күштері Әскери институтының бастығы авиация генерал-майоры Дәурен Қосанов.

Салтанатты шараға Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Руслан Қамбаров қатысты. Ол шараға қатысушыларды айтулы мерекемен құттықтап, институттың үздік түлегі лейтенант Артем Немичке диплом табыс етті.

Дәстүр бойынша іс-шара алғашқы офицер вальсімен және «тиын жаудыру» салтанатты маршпен аяқталды.

– Оқу кезінде институт өз үйіміздей болды. Білім нәрімен сусындадық. Алайда, алған білім мұнымен тоқтап қалмайды деп ойлаймын. «Ұшқыш болу – ұдайы оқу мен алған біліміңді жетілдіру» деп үнемі оқытушыларымыз айтатын. Мен мамандығымды мақтан етемін, – деп өз әсерімен бөлісті лейтенант Алекс Жұмағұлов.

Әуе қорғанысы күштерінің Әскери институты 11 мамандық бойынша майдандық, әскери-көліктік, армиялық авиация ұшқыштары мен инженерлерін дайындайды. Осы уақытқа дейін қызмет еткен жылдары ЖОО-ның қабырғасын Қазақстанның әуе шебін қорғап жүрген үш мыңнан астам түлек бітіріп шықты.

Международное информационное агентство «DKNews» зарегистрировано в Министерстве культуры и информации Республики Казахстан. Свидетельство о постановке на учет № 10484-АА выдано 20 января 2010 года.

Приложение DKNews для Android Приложение DKNews для iPhone
МИА «DKNews» © 2006 -