Нур-Султан

+17

Алматы

+25

SSE 3477.22

FTSE 100 7123.87

Dow Jones 34792.68

KASE 3 078,44

Brent 70.38

WTI 67.99

Золото 24 655.13

PTC 1 640.30

USD 424.02

RUB 5.82

EUR 502.76

CNY 65.62

ҚызПУ ректоры педагогикалық практиканың өту барысымен танысты

21 февраля 2020, 21:03497

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің ректоры Гаухар Алдамбергенова Алматы қаласындағы №124 жалпы білім беретін мектепте педагогикалық практикадан өтіп жатқан оқу орны студенттерінің сабақтарына қатысты.
 

Университеттің баспасөз қызметінің хабарлауынша, сабақ барысында педагог кадрларын даярлайтын іргелі білім ордасының басшысы болашақ маманның сабақ өту әдіс-тәсіліне, теориялық білімін практикамен ұштастыру шеберлігіне мән беріп, ақыл-кеңесін айтты.

На изображении может находиться: 3 человека, люди сидят, ребенок и в помещении

Жалпы болашақ мұғалім үшін практиканың маңызы зор. Оның негізгі міндеті – жас педагогтың өз саласын терең меңгеруіне жан-жақты ықпал ету. Студенттер тәжірибе барысында оқушы мен ұстаз арасындағы байланысты жете сезініп, сабақ өтудің қыр-сырын терең меңгере түседі. Сондай-ақ практика мектепте жүру мәдениеті мен оқушымен қалай қарым-қатынас жасау қажеттігін де үйретеді.

Қазіргі таңда Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің білім алушылары педагогикалық практикадан Алматы қаласындағы және Алматы облысының Қарасай, Іле, Талғар аудандарындағы мектептерде өтуде.

Бұл бастама оқу орны мен аталған өңірлердегі білім бөлімдерінің арасында жасалған өзара келісім бойынша жүзеге асырылып отыр. Атап айтқанда, бүгінде Қыздар университетінің 3 курсында білім алатын 687 студент облыстағы 71 білім ұясында тәжірибеден өтіп, теориялық білімдерін практика жүзінде шыңдауға мүмкіндік алды.

На изображении может находиться: 17 человек, в помещении

Алдағы уақытта Гаухар Алдамбергенова өзге де білім ошақтарына ат басын тіреп, Қыздар университетінің биылғы түлектерінің практикалық жұмыстарымен етене танысуды жоспарлап отыр.

Осы орайда айта кетейік, №124 жалпы білім беретін мектепте оқу орнының 46 студенті білімі мен біліктілігін арттыруда.

2006 - 2021 © Ваша почта. 16+