Қытайдағы темір жол арқылы жүк тасымалының көлемінің артуы экономикалық кең қарқынның белгісі, мамыр айында жылға шаққанда 3,9 пайызға өсті. Мұның өзі COVID-19 індетінен есеңгіреп қалған кезден кейінгі эпидемияға қарсы тұрақты күрестің нәтижесінен болған қалыптасудың белгісі.
ChinaStateRailwayGroupCo., Ltd. деректері бойынша өткен айда 299 млн тонна жүк тасымалданған, бұл өткен жылмен салыстырғанда 11,15 млн тонна артық.
Қаңтар-мамыр айларында темір жолмен 1,39 млрд тонна жүк тасылған, мұның өзі өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 2,7 пайыз артық.
Мемлекеттің темір жолы елдегі жүк тасымалдаудың көпшілігін атқарады. Мемлекеттің темір жолынан басқа Қытайда жергілікті билік органдары мен кәсіпорындардың қарамағында темір жол линиялары бар. Темір жол арқылы жүк тасымалдаудың тұрақты өсуі, олардың жұмысы әрқашан жоғары деңгейде болып келді, Қытайдың экономикалық және әлеуметтік дамуының қайтадан орнына қалыптасып келе жатқандығының белгісі деді компанияның ресми өкілі.
Xinhua Silk Road - Belt and Road Portal, China