Алматыда Ұлттық кітапханада «Кореяға терезе – Window on Korea» кітап бұрышы ашылды

91454

Ұлттық кітапханада Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі өкілдігінің қатысуымен «Кореяға терезе – Window on Korea» кітап бұрышының ашылу салтанаты өтті.

Іс-шара Корея Республикасының ұлттық мерекесі – Мемлекет құрылған күніне орайластырылды, ал жобаның өзі Корея Ұлттық кітапханасының бастамасымен және Алматы қаласындағы Корея Республикасының Бас консулдығының қолдауымен жүзеге асырылды.

slider

Оның аясында кітапханада арнайы оқу залы жабдықталды, онда келушілер корей жазушыларының шығармаларымен танысып, корей ұлттық қолданбалы өнерінің пәндерін тамашалай алады.

slider

Алматы қаласындағы СІМ өкілдігінің басшысы Ерлан Ысқақов алғы сөз сөйлеп, халықтарымыздың арасында шынайы достық қарым-қатынас орнағанын айтты. Қазіргі уақытта Қазақстандағы корей диаспорасы екі ел арасындағы «жанды көпір» ғана емес, сонымен қатар екіжақты қарым-қатынастарды дамытудағы белсенді элемент болып табылады, ал саяси және экономикалық байланыстар жылдан жылға нығайып келеді.

slider

Дипломат, сондай-ақ өршіп бара жатқан індет шыңына гуманитарлық жүк түрінде Қазақстанға жан-жақты көмек көрсеткен корей компаниялардың үлесін атап өтіп, Корея Республикасының азаматтарын ұлттық мерекесімен құттықтады.

slider

slider

Қазақстанның Ұлттық кітапханасы үшін бұл презентация алғашқы іс-шара емес. Мәселен, 1994 жылы Абай шығармаларының корей тіліндегі басылымы ұсынылды, ал 2004 жылдан бастап оның қабырғаларында Ресей, Қытай, Пәкістан, Түркия, Үндістан және Иранның кітап бұрыштары табысты жұмыс істеп, дамып келеді. Мұндай тәжірибені енгізу елдеріміз арасындағы мәдени-ақпараттық ынтымақтастықты нығайтуда ынталандырушы фактор болып табылады.


Фото: mfa

Международное информационное агентство «DKnews.kz» зарегистрировано в Министерстве культуры и информации Республики Казахстан. Свидетельство о постановке на учет № 10484-АА выдано 20 января 2010 года.

Тема
Обновление
МИА «DKnews.kz» © 2006 -