Нұрғали Аршабеков: «Жаңа жағдайда жоғары білім беруді жаңғырту»

14762

Қазақстандағы білім беру жүйесін реформалау бұл ұлттық басымдықтардың бірі болып табылатын мемлекеттік саясаттың ажырамас бөлігі. Бұл туралы Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Басқарма төрағасы – ректоры міндетін атқарушы Нұрғали Аршабеков «Жаңа жағдайда жоғары білім беруді жаңғырту» атты мақаласында баяндады, - деп хабарлайды Деловой Казақстан.

Уақыттың жаңа сын-қатерлері білімнің алға басуына жол ашты, тың серпін берді. Сонымен қатар қазіргі әлемде болып жатқан процестер мен замана ағымына сай жаңашылдықтар түрлі елдердегі университеттерге ортақ мәселелерді көрсетеді. Бүгінгі таңда ел экономикасын инновациялық дамыту міндеттері Қазақстандық білім беру жүйесінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ерекше талаптар қояды.

Академиялық артықшылық орталықтарын құру қазіргі университеттерді модернизациялаудың ең тиімді стратегиялық тәсілі болып табылады.

Сондықтан Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі алдыңғы қатарлы оқу орындарына айналуға әлеуеті бар, тікелей айтсақ халықаралық сапа мен мәртебеге сай болатын, 20 университетті іріктеу үшін конкурс өткізуді қолға алмақ. Іріктелген ұсыныстарды жүзе асыру үшін байқауда үздік деп танылған әр оқу орны төрт жыл ішінде 4 миллиард теңгеден астам сомаға қосымша қаржыландыру күтілуде.

Қоғамның көмегінсіз және мемлекеттің тікелей қаржылық қамтамасыз етуінсіз университеттердің бүгінгі деңгейден кемінде 2-3 саты жоғары орналасуын күтуге болмайды. Заманауи ғылыми зерттеулер мен сапалы білім беру үшін жағдай жасау үлкен инвестицияны қажет етеді. Университеттер өндірістік емес шығындарын барынша азайтуға және қаржылық тиімділікті арттыруға міндетті екені айтпаса да түсінікті.

Бірақ бұл жоғары оқу орындарын жаңғырту стратегиясының құрамдас бөліктерінің бірі ғана. Он университеттің бірегейлігіне ең алдымен,  бірқатар шарттарды орындау арқылы қол жеткізуге болады.

Біріншіден, адами капиталдың сапасын арттыру қажет. Мәселе педагогикалық құрамды жаңарту, сапалы оқытуды қамтамасыз ету және дарынды студенттерді тарту туралы болуы керек. Білімге қолжетімділіктің кеңеюі басында жалпы деңгейдің белгілі бір төмендеуіне алып келсе, уақыт өте келе ғылымға өз үлесін қосуға және білімнің сапалы жаңа білім деңгейіне өтуін қамтамасыз етуге қабілетті талантты адамдар санының өсуіне әкеледі.  Өз кезегінде толыққанды білім элитарлық болады. Жиырмалыққа кіретін университеттер осы талапты бәсекелестік артықшылыққа айналдыруы керек.

Екіншіден, басқарудың қалыптасқан стереотипін өзгерту қажет. Ұйымдастырушылық мәдениет стратегиялық көзқарасты, инновация мен икемділікті дамытуға ықпал етуі керек. Бұл тиімді шешімдер қабылдауға, ресурстарды дұрыс басқаруға және нарықтың өзгермелі қажеттіліктеріне жылдам жауап беруге мүмкіндік береді.

Университеттің құрылымын іштен өзгерту, трансформациялауға дайындық пен ұмтылыс сезімдерін тәрбиелеудегі қиындықтарды жеңу де үлкен маңызға ие.

Артықшылық мәдениеті өзгерістерді басқару қабілетін дамытуды да қамтиды. Бұл бір күннің міндеті емес.

Жалпы алғанда, академиялық артықшылық орталықтарын құру жоғары оқу орындары алдында көшбасшы университеттерге тән сипаттамаларды дамыту үшін кең мүмкіндіктерге жол ашады. Олар қажырлы көшбасшылықты, университеттің миссиясы мен мақсаттары туралы анық идеяны, дәл тұжырымдалған жоспарды талап етеді, соған сәйкес бұл ұсыныс нақты бағдарламаларда жүзеге асырылады.

Академиялық артықшылық орталықтарын анықтау конкурсына қатысу үшін Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті зерттеу педагогикалық университетінің инновациялық моделін әзірлеу және тәжірибелік-эксперименттік апробациялау жобасын ұсынды. Ол:

 - елімізде педагогикалық инновацияларды дамыту үшін жағдай жасау, психологиялық-педагогикалық, әдістемелік және арнайы ғылымдар саласында білім беруге озық жетістіктерді енгізу, білім берудің бәсекеге қабілетті секторын қалыптастыру;

- білім беруді дамыту мәселелерін шешу үшін іргелі және қолданбалы зерттеулер жүргізу;

- білім берудегі ғылыми, оқу, әдіснамалық және технологиялық процестерді ұйымдастырудың заман талабына сай мазмұнын әзірлеу және жаңа нысандарын дамыту;

- ғылыми зерттеулер және инновациялық зияткерлік ортаны құру арқылы жаңа білімді қалыптастыру;

- еркін бәсекелестік рухын, ғылыми қызығушылық, сыни ойлау, инновация және шығармашылық қалыптастыруға бағытталған.

Университет жобада қойылған міндеттерге қол жеткізуге тырысады. Қысқаша айтқанда, олар келесі сипаттамаларда жүзеге асырылады:

Бірінші. Білім беру бағдарламаларының мазмұнындағы бірегейлік.

Мұнда болашақ мұғалімдерді пәндік оқытудан педагогикалық мазмұндағы метапәндерге дайындауға баса назар аудару қажет. ХХІ ғасыр күрделі проблемалардың пайда болуымен сипатталады, оларды шешу, ең алдымен, пәнаралық өзара әрекеттесуді болжайды. Педагогикалық білім беруде метапәндік тәсілді енгізу жаңа қажеттіліктер мен жаңа заманауи міндеттерге қарай оқытуды кеңейтіп, педагогтардың функционалдық сауаттылығын арттыруы керек.

Екінші. Педагогикалық кадрларды даярлау спектрін кеңейту.

Үшінші. Педагогтардың кәсіби дамуы.

Төртінші. Білім беру қызметтерінің спектрін кеңейту.

Бесінші. Университеттің ғылыми әлеуетін дамыту.

Алтыншы. Академиялық артықшылық ортасын дамыту.

Жетінші. Университеттің имиджін көтеру және брендін өзгерту.

Қорыта айтқанда, инновациялық-зерттеу педагогикалық университеті жоғары білім беру, ғылым және өндіріс жүйесін интеграциялаудың тиімді тетігі ретінде елді инновациялық мемлекет типіне айналдыруға негіз жасайды.

Нұрғали Аршабеков

Международное информационное агентство «DKnews.kz» зарегистрировано в Министерстве культуры и информации Республики Казахстан. Свидетельство о постановке на учет № 10484-АА выдано 20 января 2010 года.

Тема
Обновление
МИА «DKnews.kz» © 2006 -