Атырау облысы бойынша ҚАЖ Департаментінің бастығы зейнеткерлікке шықты

88363

Атырау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі Департаментінің бастығы Ризабек Даулетовті департамент қызметкерлері зейнеткерлікке құрметпен шығарып салды. 20 жылдан астам Қылмыстық-атқару жүйесі саласында қажырлы еңбек еткен полковникті ҚР ІІМ ҚАЖ комитетінің төрағасы Жанат Ешмағамбетов, Атырау облысы бойынша ҚАЖД бастығы м.а. Манарбек Габдуллин мен департамент ұжымы, көрші облыстағы әріптестері мен мекеме ардагерлері құттықтады.

- Қазақстан Республикасы Ішкі Істер органдарында және Қылмыстық-атқару жүйесінде 20 жылдан астам уақыт еңбек еткен әділет полковнигі Ризабек Галимжанович Даулетов қызмет деген бір белестен өтіп, құрметті демалыс деген кезеңге жетіп отыр. Ол - білгір басшы, үздік қызметкер, жас тәлімгерлер үшін үлгі алатын ішкі істер органдары саласында аянбай еңбек еткен азамат,- деді Атырау облысы бойынша ҚАЖД бастығы м.а. Манарбек Габдуллин.

Ризабек Даулетов 1988-1989 жылдары Ауған елінде Отан алдындағы әскери борышын абыроймен өтеп келгеннен кейін, 1993 жылдан бастап ішкі істер органдарында жұмыс істей бастайды. Қоғамның тыныштығын күзетететін сыйлы да абыройлы мамандық – полиция қызметкері болып еңбек жолын бастап, 2004 жылы Қазақстан Республикасы Ішкі Істер Министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі органында жұмысын бастайды. Осылайша ҚАЖ саласында 2020 жылға дейін жұмысм жасап, Атырау облысы бойынша ҚАЖД бастығы лауазымынан зейнеткерлікке шығып отыр.

Ризабек Даулетов өз кезегінде барша ұжым мен әріптестеріне алғыс білдіріп, осы салада аянбай жұмыс істеуге шақырды.

Международное информационное агентство «DKnews.kz» зарегистрировано в Министерстве культуры и информации Республики Казахстан. Свидетельство о постановке на учет № 10484-АА выдано 20 января 2010 года.

Тема
Обновление
МИА «DKnews.kz» © 2006 -