Аягөз гарнизонында бақылау тексерісі басталды

81939

Аягөз гарнизонында орналасқан әскери бөлімдерінде қысқы оқыту кезеңі қорытындыланып, бақылау тексеру басталды.

Жауынгерлік жоспарға сай әр жылы өткізілетін бақылау тексерісінің мақсаты жеке құрамның машығын, взводтардың, роталардың, батальондар басқармаларының нақты жауынгерлік даярлық деңгейін жан-жақты тексеру, сондай-ақ жауынгерлік даярлық деңгейін және бөлімшелер мен олардың басқару органдарының үйлесімділігін, жауынгерлік даярлық жоспарлары мен бағдарламаларының орындалуын бағалау.

Бақылау тексерісі санитарлық талапқа сай арнайы жоспар негізінде жүргізіледі. Тексерілетін пәндер қатарында атыс, тактикалық, арнайы дайындық, жауынгерлік көліктерді жүргізу, инженерлік, дене дайындығы  мен саптық дайындық пәндері қарастырылған. Тексеру барысында комиссиялар лауазымды адамдардың бағынысты құрамалардағы жауынгерлік даярлыққа басшылық ету жөніндегі жұмысын ұйымдастыру жүйесін, сондай-ақ қару-жарақ пен оқ-дәрілермен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік шараларын сақтау мәселелерін қадағалайтын болады.

Аягөз гарнизонындағы әскери бөлімдерде  5 сәуірден бастап қысқы оқу кезеңін бақылау  тексеруі басталды. Бақылау  тексеруінің негізгі мақсаты жауынгерлердің қысқы кезеңдежауынгерлік даярлық бойынша үйренген біліктіліктерін, теориялық және практикалық білімдерін тексеріп, бағалау, - деді гарнизон бастығы полковник Сәбит Үркінбаев

Әрбір әскери қызметші жеке тәртіпте және бөлімшелер құрамында емтихандарды тек теорияда ғана емес, іс жүзінде тапсыратын болады. Оқу пәндері бойынша бақылау сабақтары бөлімдердің тұрақты орналасу пункттерінде  және Майлин полигонында өтеді.

Международное информационное агентство «DKnews.kz» зарегистрировано в Министерстве культуры и информации Республики Казахстан. Свидетельство о постановке на учет № 10484-АА выдано 20 января 2010 года.

Тема
Обновление
МИА «DKnews.kz» © 2006 -